Технологиялар



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата30.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#155714
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Технологиялар

Оқытудың компьютерлік технологиясы 
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - 
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
«Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі 
ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен 
қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге 
шақырамын.» деп атап өтті. 
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, 
терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін 
талап етеді. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. 
Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті 
дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат 
білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. 
Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат 
әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол 
заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере 
отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім 
беруді жетілдірудің алатын орны ерекше. 
Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың 
күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу 
тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс. 
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы 
ақпараттық технология. 
Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді: 
-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін, баспа түрінде 
жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді 
пайдалану; 
-қоғамдық өндірістің барлық салаларының дамуын іске асыратын 
ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау; 
-пайдаланылатын 
мәліметтердің 
нақтылығын, 
бейнеленетін 
ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді 
ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары 
деңгейін қамтамасыз ету. 
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі 
білімді ақпараттандыру – білім беру саласын әдістемелік және техникалық 
жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды 
оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс төмендегі әрекеттерді іске 
асырады: 


69 
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған 
ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану 
негізінде жетілдіру; 
- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны 
дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің ұйымдастырылған 
формаларын әдістерін, сұрыптау стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру; 
- оқушылардың интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу 
дағдыларын 
қалыптастыруға, 
ақпараттық-оқу, 
тәжірибелік-зерттеу 
әрекеттерін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік 
жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйелерін 
құру; 
- оқушылардың білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы 
компьютерлік тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану. 
Жалпы 
оқу 
орындарында 
ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп 
бөлуге болады: 
- әр сабақта автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану; 
- білім беруде ақпараттық білім ортасын мамандыққа байланысты 
қолдану ерекшеліктерін пайдаланып оқыту
- психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық білім 
ортасын қолдану. 
1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің 
барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни 
- оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру; 
- танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру; 
- пәнаралық байланыстарды тереңдету; 
- қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту. 
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам 
жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни 
- түрлі ойлау қабілеттерін дамыту; 
- байланыс жолдарына қажетті қабілеттілігін дамыту; 
- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну; 
- компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын 
пайдаланып, эстетикалық тәрбие беру; 
- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру; 
- жағдайды немесе мәселені моделдей білуді дамыту; 
- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету. 
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни 
- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау; 
- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау; 
- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге 
асыру. 
Компьютерлік оқыту жүйесі: 


70 
Компьютерлік оқыту жүйесі – қашықтықтан оқыту білім беру 
үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық 
құралдары және мынандай жағдайлар туғызады: 
- оқыту үрдісін саралау және даралау; 
- білім алушы қателерінің диагностикасымен және кері байланысын 
тексеру; 
- өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік 
түзетулерді қамтамасыз ету; 
- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер 
есебінен оқыту мерзімін қысқарту; 
- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; 
- құбылыстар мен үрдістерді үлгілеу және боямалау; 
- эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды 
виртуалды шындық жағдайында жүргізу; 
- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; 
- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын 
арттыру; 
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу. 
Аудио-бейне оқу материалдары және т.б. 
Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда 
жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе 
CD-ROM 
лазерлі 
жинақ-дисктердің 
көмегімен 
берілуі 
керек. 
Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі 
ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. 
Қашықтықтан оқытуда кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық 
желі INTERNET болып табылады. 
Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің 
анықтамаларын кең мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі 
тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл, оқытудың ақпараттық 
технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің заңдылықтарына сәйкес 
және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және 
бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және 
құрылғыларын оқыту жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы 
ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады. 
Екінші тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын 
оқытудың белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.
Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса, 
екіншісінде - оқу үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық 
құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады. 
Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, білім беруді ақпараттандыру 
мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми - 
әдістемелік әдебиеттерді талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді 
деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді екенін айқындайды. 


71 
ХХ ғасырдың 80 - 90 жылдарында компьютерлік техника мен 
бағдарламалық жасақтаманың қарқынды дамуы оларды білім беру 
үдерісіне белсенді түрде енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды 
меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану сол кездегі оқу 
орындарының барлығына бірдей мүмкін болмады. 
Сәйкес дайындық пен біліктілікке ие техникалық ғылым көшбасшы 
қызметін атқарды. Бағдарламалауға келмейтін, пән саласы нашар 
құрылымға ие болған гуманитарлық ғылымның бағыттары артта қалды. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды 
түбегейлі өзгерте алатын психологиялық - педагогикалық зерттеулер көп 
өткізілсе де, мұның барлығы білім беруді ақпараттандырудың 
дидактикалық-әдістемесін және теориялық - әдістемелік негіздерін жасап 
шығарудың информатика саласындағы ғылыми - техникалық дағдарыстан 
әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр. 
Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды 
қолдануға деген әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни 
компьютерлік технологияларды материалды меңгеруде қолдануды толық 
терістеу мен компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін толық қолдану 
аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде өзінің оң және 
кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және 
күшті жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты 
мақсатына назар аудару қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге 
мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады. 
Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап 
шығаруға сынақтан өткізу мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі 
әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте күрделі болып, олар көптеген 
психологиялық - педагогикалық, оқу - әдістемелік және басқа да 
мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар: 
1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу 
мәселесіне қатысты бірыңғай ғылыми - әдістемелік тәсілді енгізу жолдары. 
2. Тәжірибелікқ тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны 
қолдану әдіс - тәсілдерін ұсыну. 
3. Білім беру мекемесін материалдық - техникалық базасын 
жабдықтау. 
4. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару. 
Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану - 
заңды құбылыс. Бірақ оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп 
жағдайда «оқытушы - оқушы» деген күрделі қарым - қатынас жүйесінен 
туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың алатын орнына 
тәуелді 
компьютерлік 
технологиялар 
оқушылардың 
дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. 
Бұрынғы кезде оқытушыларға әр бір оқушыны оқытудың жеке 
тәсілін табу қиын болатын. Ал қазір, компьютерлік желілер мен онлайндық 


72 
құралдарды қолданудың арқасында жаңа ақпаратты әрбір оқушының жеке 
сұранысына сай жеткізу мүмкіндігін алды. 
Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесідей қорытынды 
шығаруға болады: білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың 
өзектілігі келесі себептермен анықталады, олар: 
- білім берудің жекешелендірудегі ақпараттың технологиялардың 
көптеген мүмкіндіктері; 
- ақпараттық технологияларды қолданғанда және білім берудің 
сезімталдығын арттыру кезінде оқушылардың дағдысын жетілдіру; 
- байланыстардың кең өрісін қамтамасыз ету; 
- оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасау; 
- кез-келген адаммен оның кеңістіктегі орнына және уақыттың 
айырмашылығына қарамастан интернет арқылы қарым - қатынас жасау; 

оқу 
материалын 
сипаттаудағы, 
әсіресе 
динамикадағы 
құрылыстарды моделдеудегі көрнекіліктің жоғарылығы; 
- ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық 
интерактивті мүмкіндіктері; 

оқушыға ыңғайлы кез - келген уақытта ақпараттық 
технологиялардың қажеттілігі. 
Қорыта айтқанда, білімді ақпараттандыру аясында білім беруде 
ақпараттық 
технологияларды 
қолдану оқушылардың ақпараттық 
мәдениетін қалыптастырып, қабылданған білім құрылымының сапасын 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет