Технологиялар



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата30.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#155714
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Технологиялар

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне
пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын 
іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. 


65 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың 
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей 
талпындырып, тұжырым жасау. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз 
ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, 
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, 
тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық 
жұмыс жасау. 
Оқушыларды 
шығармашылық 
жұмысқа 
баулып, 
олардың 
белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық 
қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. 
Шығармашылық 
жұмыстар 
оқушыларды 
ойлауға 
жетелеп, 
қызығушылығын 
оятып, 
шығармашылық 
қабілетін 
арттыруға, 
белсенділікке ынталандырады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы 
оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір 
пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. 
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге 
асыруда 
оқушылардың 
білім 
деңгейін 
көтеруде, 
балаларды 
шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс 
шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп 
есептеймін. 
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. 
Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму 
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 
Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп 
ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны 
тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 
технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық 
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын 
қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың 
(сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, 
білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл 
жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру 
оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами 
жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, 
төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, 
түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық 
қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықталды. 
Мазмұнға байланысты міндеттер: 
1.Әңгімені оқып танысады. 


66 
2.Мазмұнын ашады. 
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен 
ұқсастықтарын сипаттай алады. 
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, 
қиялын шарықтату және сезімін ояту сын тұрғысынан ойлауды дамытуға 
байланысты болады. 
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: 
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды 
шығарады. 
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді. 
Өзара құрмет сезімін тудыру және басқаның пікірін сыйлауға, сөзін 
бөлмеуге тәрбиелеу оның тәрбиелік мәнін ашады. 
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды 
бірнеше тақырыптар көлемінде өткізуге болады. Оқушы жеке жұмыс 
істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын 
білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. 
Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі 
төмендегідей болды. Сын тұрғысынан ойлау құрылымы бойынша 
ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, 
дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытады. 
Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын 
пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, 
ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу 
қажет. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. 
Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге 
үйретеді. 
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, 
өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың 
шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді 
көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей 
құралмен қамтамасыз ету. 
 
Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі: 
Ескілер 
Жаңалар 
Оқушы 
- білім мен дағдыны игереді; 
- оларды мүмкіндігінше көп 
көлемде игеру; 
- материалдың көлеміне қарай 
- өзін - өзі дамыту және өзін - 
өзі жетілдіру; 

білім 
іс-әрекет түрінде 
келешекте 
жұмыспен 


67 
бағдарлау; 
- таңдау мүмкіндігінің жоқтығы; 
- білім беру мен өмір сүрудің 
мақсатын 
дайын 
түрде
қабылдау; 
- бақылаудан құтылуға ұмтылу. 
қамтамасыз 
етілетіндей 
игеріледі; 

бағдарламаларды, 
тіпті 
пәндерді өз - өзінің жеке 
мақсаттарының 
қисынын 
еркімен таңдау мүмкіндігінің
болуы; 
- келтіру және оларға жету 
тәсілдерін қою; 
- дер кезіндегі және объектілі 
бақылауға ұмтылу. 
Оқу 
үрдісі 
- тәжірибе мен білімді беру; 
- тұрақты білім негізінде оқыту; 
- еске түсіру немесе елестету, 
келтіру, 
даярлық 
әдістерін 
қолдану; 

білім 
беру 
және 
оқу 
бағдарламаларының қатаңдығы. 
- оқушының жекелей дамуы, 
жеке тұлғаның қалыптасуы, 
өзін өзі жетілдіру; 
- сыни тұрғыдан, талдауға 
бейім, 
логикалық 
ойлау 
негізінде оқыту; 

өнімді іс-әрекет тәсілін 
оқыту, білімді алу тәсілдерін 
үйрену; 

оқу 
және 
білім беру 
бағдарламаларының 
икемділігі. 
Нәтиже 

оқушыларды 
болашақ 
тынышты, 
бір 
қалыпты, 
жоспарлы өмірге дайындау; 

жоғарыдан 
сирек 
жаңа 
кіріспелер. 

қазіргі мектепте, қазіргі 
ұжымда 
жайлы 
«өмірге» 
жағдай жасау; 
- өзін өзі жетілдіру және 
қоршаған әлемді жетілдірудің 
инновациялық қажеттіліктерін 
қалыптастыру; 

білім 
беруші 
бағдарламаларда, 
әдістерде, 
технологияларда, білім беру 
үрдісінің 
формаларында 
тұрақты инновациялық үрдіс. 
Сонымен сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің 
көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, 
қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас 


68 
тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа 
мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет