Дайындау немесе жөндеу процесінде дайындаманың орналасуын анықтауға қолданылатын базаны технологиялық база деп атаймыз.
Технологиялық базаларды таңдауда келесі ережелер қолданылу қажет:
«Базаларды біріктіру» принципін орындауға тырысу, яғни, технологиялық, өлшеу және конструкторлық базаны біріктіру;
«Базалар тұрақтылығы» принципінің орындалуын мақсат ету, яғни, барлық технологиялық үрдісте база ретінде бір бетті қолдану;
«Базалар ауысуы» принципін орындауға тырысу, яғни, базаны ауыстыру қажеттілігі туындаған жағдайда дәлірек негіздік бетті қолдану;
Негіздік беттертердің сәйкес өлшемдері, дәлдігі дәне қаттылығы болуы
тиіс;
сондықтан негіздік бетті өңделетін бетте жақындату.
Әртүрлі операциялар кезінде өңдеу барысындағы келесі көрсетілген тетікті орналастыру сұлбалары МЕСТ 3.1107-81 бойынша орындалады.
005 СББ жону операциясы
Бұл операция бойынша өңдеу дайындаманы МЕСТ 12195-66 бойынша тіреуіш призмаға орнатады.
Ø90 мм ұзындығы 440 мм дайындаманы орнату.
Ұзындығы 428 мм болаттың шетжағын жоңғылау.
Ø10 мм орталық саңылауды 20 мм тереңдікке тесу.
Дайындаманы шешіп қарама-карсы жағымен орнату.
Ұзындығы 428 мм болаттың шетжағын жоңғылау.
Ø10 мм орталық саңылауды 20 мм тереңдікке тесу
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 1 – 005 Жоңғылау-центрлеу операциясы 010 СББ жону операциясы
Бұл операция бойынша өңдеу дайындаманы өздігінен центрленетін үшжұдырықшалы қысқыға орнатылу арқылы өңделеді. МЕСТ 24351-80
Дайындаманы орнату.
Ø85 мм ұзындығы 5 мм жону
Ø81 мм ұзындығы 40 мм жону екі өткел арқылы
Ø80 мм ұзындығы 205 мм жону
Ø65 мм ұзындығы 24 мм жону үш өткел арқылы
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 2 – 010 СББ жону операциясы
015 СББ жону операциясы
Бұл операция бойынша өңдеу дайындаманы өздігінен центрленетін үшжұдырықшалы қысқыға орнатылу арқылы өңделеді. МЕСТ 24351-80
Дайындаманы орнату.
Ø65 мм ұзындығы 54 мм жону төрт өткел арқылы.
Ø60 мм ұзындығы 68 мм жону екі өткел арқылы.
Ø56 мм ұзындығы 20 мм жону екі өткел арқылы.
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 3 – 015 СББ жону операциясы 030 СББ жону операциясы
Бұл операция бойынша өңдеу дайындаманы өздігінен центрленетін үшжұдырықшалы қысқыға орнатылу арқылы өңделеді. МЕСТ 24351-80
Дайындаманы орнату.
Ені 1,5 мм тереңдігі 0,5 мм арықша жону.
1х45о мм фаска жону.
1х45о мм фаска жону.
Ені 2 мм тереңдігі 1 мм арықша жону.
Тереңдігі және қадамы 1 мм бұранда жону.
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 4 – 030 СББ жону операциясы 035 СББ жону операциясы
Бұл операция бойынша өңдеу дайындаманы өздігінен центрленетін үшжұдырықшалы қысқыға орнатылу арқылы өңделеді. МЕСТ 24351-80
Дайындаманы орнату.
Ені 1,5 мм тереңдігі 0,5 мм арықша жону.
1х45о мм фаска жону.
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 5 – 035 СББ жону операциясы
045 Жоңғылау операциясы
Бұл операция арқылы өңдеу дайындамасын МЕСТ 12295-66 арқылы тіреуіш призмаға орнатады.
Дайындаманы орнату.
Ені 14js9 мм, ұзындығы 36 мм және 5,5 мм екі ойық кілтек жоңғылау.
Ені 18js9 мм, ұзындығы 63 мм және 7 мм ойық кілтек жоңғылау.
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 6 – 045 Жоңғылау операциясы
060 Ажарлау операциясы
Бұл операция арқылы өңдеп дайындаманы қысқыға орнату арқылы іске асады.
Дайындаманы орнату.
Ø65k6 мм білік мойнын ажарлау.
Дайындаманы шешіп қарастыру және өлшеу.
Сурет 7 –060 Ажарлау операциясы
кесте
Операция
Номірі
|
Аталуы
|
Білдек моделі
|
000
|
Дайындама алу
|
|
005
|
СББ жону операциясы
|
16М30Ф3С32 СББ жону білдегі
|
010
|
СББ жону операциясы
|
16М30Ф3С32 СББ жону білдегі
|
015
|
СББ жону операциясы
|
16М30Ф3С32 СББ жону білдегі
|
020
|
Таңбалау
|
|
025
|
Термиялық өңдеу
|
|
030
|
СББ жону операциясы
|
16М30Ф3С32 СББ жону білдегі
|
035
|
СББ жону операциясы
|
16М30Ф3С32 СББ жону білдегі
|
040
|
Белгілеу
|
|
045
|
Жоңғылау операциясы
|
ГФ2171С5 жоңғылау білдегі
|
050
|
Слесарлық
|
|
055
|
Термиялық өңдеу
|
|
060
|
Ажарлау операциясы
|
3М228 ажарлау білдегі
|
Білікті дайындау кезінде бастапқыда бойлық илемдеуден, сосын өздігінен бекітілетін үш жұдырықшалы патронға қыстырып жонамыз .Білікті өңдеу алдында оның кесу терендігін, берілісін, жылдамдығын, кесу күшін және оған қажет болатын уақытты есептеп шығардық. Дайындаманы аларда илемдеуден өткізіп, кейін қажетті кесіп алынатын әдіпті аналитикалық тәсіл арқылы есептеп, белгілі бір бөлігінен бастап жону арқылы сатылы білікті алып, ажарлап, кейін дайын өнім жуу машинасында тазартылады.
Сурет 8 – Дайын өнімнің 3D сұлбасы
Өңдеу бағдарламасын жасағаннан кейін оны компьютерден ЧПУ-ға жіберу керек. Жіберу үшін станокта арнайы коммуникациялық бағдарлама(САМ) қолданылады. Көп жағдайда байланыс RS-232 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл ретте компьютердің СОМ-порты станоктың корпусындағы немесе УЧПУ панеліндегі арнайы ажыратқышқа кабельмен жалғанады. ЧПУ бос жады өлшемінен асатын бағдарламаны қолдану үшін тікелей сандық басқару режимі қолданылады. Ол өңдеу бағдарламасын ЧПУ жадына жазбай компьютерден тікелей орындауға мүмкіндік береді. Ең озық ЧПУ тіректері жергілікті желідегі жұмысты қолдайды, бұл деректерді тез және ыңғайлы беруге мүмкіндік береді, ал олардың кейбіреулері Интернетке шығуға мүмкіндік береді және жүйені қашықтықтан бақылау және нақты уақыт режимінде станок өндірушісімен тікелей проблемаларды шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |