Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет49/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147

4.2 Кезеулеткіш тақталар

Осы тақталар түрлері: қатаң орнатылған, ашылатын, жапсырма, аспалы.



Қатаң орнатылған тақталар айлабұйымның тұрқысына қысып орнатылады. Ол үшін олар орнатылма сұққыштар мен бұрандамалар арқылы қысып бекітіледі.

а) қатаң орнатылған; б) ашылатын; в) жапсырма.
4.6-сурет – Кезеулеткіш тақталар түрлері
Аспалы кезеулеткіш тақта көп айналдырықты бастиек пен қамтылған білдектерде қолданылады. Аталған бастиектермен бірге жасалып кезеулеткіш оған асылып қондырылған, сондықтан ол бастиектер мен бірге жылжиды, содан кейін тетіктің бетіне жетпей тіреуіштермен тоқтатылады. Осындай кезеулеткіш тақта 4.4-суретте.

4.7-сурет – Аспалы кезеулеткіш тақта
Ашылатын кезеулеткіш тақталар тұрқының бір осіне қатысты айналады, сондықтан саңылаулар әрекетінен олардың дәлдіктері төмендейді.

Жапсырма кезеулеткіш тақталар өңдейтін тетіктің бетіне орнықтандырылады және жапсырылады. Мұндай тақталарда, тетіктің ішкі диаметрі бойынша центрлеп, орнықтандыру үшін центрлейтін белдеуше болады және тақтаны түсіру не жапсыру үшін екі жақтан тұтқа жасалады.

Кезеулеткіш тақталар сұр шойыннан жасалады, тақта қалыңдығы 15 – 20 мм.

Айналатын кезеулеткіш төлкелер. Мұндай төлкелер кеңейжону білдектерде қолданылады. Бұлар кеулейжонатын құралбіліктерді бағыттауға арналған және олар сырғанайтын не домалайтын мойынтіректерге орнатылады.



4.8-сурет – Айналатын кезеулеткіш төлке
4.3 Кесу құралды тиісті биіктікке және бұрышқа орнаналастыратын құралдар

Мұндай құралдар жоңғылау және ажарлау білдектерде пайдаланылады. Биіктік құрал кесу құралдарды тиісті биіктік өлшемге үйлестіреді және дәлдейді. Бұрыштық құрал кесу құралдарды горизонтальді жазықтықта бұрыш өлшемге дәлдейді, көбінесе білдектердің үстел жазықтарында.



а) биіктік құрал; б) бұрыш құрал.
4.9-сурет – Биік және бұрыш дәлдіктерін үйлестіретін құралдар
Биік және бұрыш дәлдіктерін үйлестіретін құралдардың өлшемдерімен құрылымдары да стандартармен тағайындалған. Олар 20,20Х болаттардан жасалады, термоөңдеу көміртектендіріп HRC 55 – 60 қаттылыққа дейін шынықтырылады.

5 Айлабұйымды жобалау жалпы әдістемесі
5.1 Айлабұйымдарды жобалау үрдісінің көп варианттығы

Айлабұйымдарды құрылымдау есебі сан вариантты есеп ретінде танылуы тиіс. Құрылымдау процесі көп деңгейде техникалық шешім қабылданатын үрдіс болып танылады. Оның нөл деңгейі болып техникалық тапсырма болады. Техникалық тапсырманы инженер-технолог арнайы бланкте жазып дайындайды. Бланк пішіні стандартталған және онда айлабұйымды құрылымдауға қажет мәліметтер болулары керек. Яғни, өңделетін тетіктің операциялық эскизі, техникалық талаптар, тетіктің операциялық өлшемдері, тетікті орнықтандыру нүктелері, кесу құрал, операцияның уақыт мөлшері, керекті өнімділік, Аталған мәліметтерді анықтау үшін айлабұйымға қатысты қоршаған ортаны талдау керек.

Айлабұйымға қатысты қоршаған ортаға жататындар: өңделетін тетік, кесу құрал, жұмысшы, білдек, операция, күштік коммуникациялар, тиеу жабдықтар.

Айлабұйыммен қоршаған ортаның екі арасында мәліметтік байланыстар бар.




5.1-сурет – Мәліметтер байланыстарының сұлбасы
Қоршаған орта техникалық шектеулер қояды. Оларға жобаланатын айлабұйымның құрылымы сәйкес болу керек, сондықтан техникалық тапсырмада осы шектеулер есептенулері абзал.

Техникалық тапсырмамен танысқаннан кейін, яғни жобалау үрдістің бірінші деңгейінде, конструктор айлабұйымның арнайландыру дәрежесін анықтайды. Негізінде айлабұйымдардың бес арнайландыру түрі болады:

- әмбебап айлабұйымдар;

- топтық айлабұйымдар;

- әмбебап – реттелетін айлабұйымдар (ӘРА);

- әмбебап – құрастырмалы айлабұйымдар (ӘҚА);



- арнайы айлабұйымдар.

5.2-сурет – Айлабұйымдарды жобалау кезіндегі конструктивтік шешімдердің көп нұсқалылығының графы
Айлабұйымның арнайландыру дәрежесін таңдайтын негізгі критерийлер, өндіріс түрі және жасап шығарылатын тетіктердің тізімдемесі.

Жобалау үрдістің екінші деңгейінде технолог тағайындаған орнықтандыру сұлбаны материализациялау. Мұндағы негізгі критерийлар дәлдік, экономикалық тиімділік және бірыңғайлау дәрежесі. Бірыңғайлау дәрежесі бірыңғайлау коэффициентпен (унификация коэффициенті) бағаланады


Кун = , (5.1)
мұндағы Nст – айлабұйымның құрамындағы стандартталған және қалыптандырылған тетіктердің саны,

Nж – айлабұйымның құрамындағы тетіктердің жалпы саны.
Үшінші деңгейде технолог тағайындаған орнықтандыру және тетікті қысып бекіту сұлба материализациянады.

Мұнда көп жағдайда бірнеше қысу элементтердің нұсқаларын салыстырып таңдау керек. Оларды таңдағанда конструкцияларының шағындылығы, экономикалық тиімділігі және біріңғайлылығы еске алынады.



Төртінші деңгейде жетектің түрі таңдалады пневматикапы, электрлі, электромагнитті не гидравликалы. Жетек таңдаудағы негізгі критерийлар:

1) керекті қысу күш саны;

2) айлабұйымның білдектің жұмыс аймағына сыйып кетуі;

3) ықшамдылық;

4) экономикалық тиімділігі.

Бесінші деңгейде жетектен қысу элементтерге қозғалыспен қысу күшті беретін кинематикалық сұлбаны таңдау. Мұнда қолданылатын критерийлер ықшамдықпен экономикалық тиімділік.

Алтыншы деңгейде конструктор айлабұйымның конструкциясын жетілдіреді, аяқтайды және соңыңда айлабұйымның тұрқысын жобалайды.

Тұрқының құрылымын жобалағанда мынадай критерийлар ұстанымда болады: технологиялылық, ықшамдылылық, экономикалық тиімділік.



Конструктивтік шешімдердің жалпы мүмкін саны
, (5.2)
мұндағы Гjj деңгейдегі шешімдер саны;

n – деңгейлер саны.


Сонымен, айлабұйымды конструкторлау процесі оптималды есеп ретінде танылады, мұнда көп техникалы мүмкін шешімдер арасынан оптималды, рационалды вариантты таңдау қажет, ол вариант өндіріс талаптарына сай болып, экономика жағынан тиімді болуы абзал. Қазіргі уақытта конструктор тек екі – үш вариантты ғана белгілеп, тек соларды ғана салыстырып таңдайды.

Яғни бұл жеткіліксіз, көп варианттар тыс қалып таңдалмайды. Сондықтан бүгінгі кезде техникалы мүмкін нұсқалардың жиынтығын генераторлап солардың арасынан оптималды вариатты таңдау керек, әрине бұл жұмыс компьютерлік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Технологиялық құрал-саймандарды жобалау үрдісінің негізгі мақсаты техникалық құжаттардың жиынтығын жасап шығару болып табылады. Олар техннологиялық құрал-саймандарды жасап шығаруға қажет, сондықтан олар айлабұйымдарды жасап шығаратын цехтерге таратылып жіберіледі.

Д – құжаттардың жиынтығы.



Д = , (5.3)
мұндағы S – технологиялық құрал-сайманның құрастыру сызбалары,

С – құрылымның сипаттізімі;

W1 – сатып алынатын дайындамалардың тізімі;

W2 – сатып алынатын бұйымдардың тізімі;

Ri – айлабұйымның i тетігінің жұмыс сызбасы,

Z - өндіріс шығындарының тізімі;

Тк – технологиялық үрдістің маршруттік тізімі;

Qj – сндық бағдарламамен басқарылатын білдектерге арналған бағдарламалар жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет