5.3-сурет
Соңында сипаттізім жазылады.
Үлгі 5.3 суретте төлкеде тесікті бұрғылайтын айлабұйымның жобалау реті көрсетілген.
5.3 Айлабұйымдарды жобалау кезіндегі өткізілетін есептер
Айлабұйымдарды құрыламдағанда бірнеше арнайы есептер өткізіліп жасалады:
1) орнықтандыру және жалпы өңдеу қателіктерін есептеу;
2) жеткілікті қысу күштерді есептеу;
3) жетектердің параметрлерін есептеу;
4) айлабұйымның жалпы дәлдігін бағалайтын көрсеткіштерін есептеп анықтау;
5) жобаланған айлабұйымның өздік бағасымен экономикалық тиімділігін есептеу.
Айлабұйымның дәлдік сапасын бағалайтын техникалық талаптарды анықтау. Айлабұйымның сапасы техникалық талаптармен белгіленеді. Техникалық талаптар технологиялық тізбектерді есептеумен анықталады. Технологиялық тізбектің тұйықтаушы буыны ретінде айлабұйымда өңделетін, құрастырылатын не тексерілетін тетіктің бір көрсеткіші тағайындалады. Мысалы, орнықтандырушы бетке қатысты өңделетін жазық беттің перпендикулярсіздігі не өңделетін бетпен екі арасындағы өлшем және сондай басқа көрсеткіштер. Рұқсатты тұйықтаушы буынның шақтамасына қарап айлабұйымның дәлдік көрсеткішінің шақтамасын есептеуге болады
(5.4)
мұндағы - тетіктің дәлдік көрсеткішінің шақтамасы,
- технологиялық тізбектің құраушы i буынының шақтамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |