Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Магнитті және электромагнтті қыспақ құрылғылар



бет48/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   147
3.5.6 Магнитті және электромагнтті қыспақ құрылғылар. Магнитті және электромагнитті қыспақ құрылғыларда тетіктерді қысып ұстауға электромагниттік энергия қолданылады. Магнитті және электромагнитті қыспақ құрылғылар электромагитті және магнитті тақталар, айналмалы үстел, призма және қысқы ретінде жасалып шығарылады.

Электромагнитті тақтаның принципиалды жұмыс атқару ретінің сұлбасы 3.15-суретте көрсетілген.



а) орнықтандыру сұлба; б) жұмыс реті.
3.19 сурет – Электромагнитті тақта
Магнит ағыны тақтаның тұрқысынан, қақпақғынан және дайындамадан өтеді. Дайындаманы ұстап тұратын күштер, дайындама магнит полюстармен түйіспелетін жерлерде, пайда болады. Жалпы ұстап тұру күш мына формуламен есептеледі
Q = 4,06 B2S, (3.40)

мұндағы В – полюстің магнитті индукциясы, болат тетікті ұстап тұрса В = 18,5 тл, тетік шойыннан жасалса В = 11 тл;



S – тетікпен полюстардың қосарламасының жалпы ауданы, S = .

Тетікті қысып ұстап тұратын күштің шамасы оның жасалған материалмен байланысты, болаттан жасалған тетікті ұстап тұратын күш көбірек болады, шойыннан тетік жасалса, оны ұстайтын күштің шамасы төмендеу болады. Ұстап тұратын күштің мөлшеріне тетіктің қосарлама бетінің кедір-бұдырлығы ықпал көрсетеді.

Тетіктің орнықтандыру бетінің кедір-бұдырлығының мөлшері төмен болса, онда ұстап тұратын күштің мөлшері жоғарлау болады, ал кедір-бұдырлықтын биіктігі жоғарылау болса, онда ұстап тұратын күш төмендейді.

Неғүрлым кедір-бұдырлықтың биіктігі жоғарылау болса сонша магниттік қарсыластықта өседі, яғни онда магнитті күштер сызықтарының бір саны тетіктен өтпей ауада тұйықталады, сондықтан тетікті ұстап тұратын күш төмендейді.

Пайдалы жерлері:

1) жасалу және қолдану жабайылығы;

2) жұмысқа тез қосылу мүмкіншілігі;

3) бір неше тетіктерді ұстап тұралады.

Кемшілік жерлері:

1) ферромагнит материалдардан жасалмаған тетіктерді ұстап тұралмау;

2) тұтқиылдан электроқуат айырғышталса, апат болу мүмкіншілігі;

3) қалдықты магниттік қасиет, сондықтан тетіктерді қосымша магниттік қасиеттің айыратын операциядан өткізу.


4 Айлабұйымның кесу құралдарды бағыттайтын және олардың орналасуларын тексеретін элементтері
Кесу құралдарды бағыттайтын құрылғыларға жатады кезеулеткіш төлкелер, көшіргіштер, биіктік және бұрыштық реттегіштер. Кезеулеткіш төлкелер тесіктерді өңдегенде кесу құралды бағыттайды, олар бұрғылау не кеулейжону білдектерінде қолданылады. Бұрғылау білдектерде тұрақты кезеулеткіш төлкелер қолданса, кеулейжону білдектерінде айналатын кезеулеткіш төлкелер қолданылады.
4.1 Бұрғылау білдектерде қолданылатын кезеулеткіш төлкелер

Бұрғылау білдектерде қолданылатын кезеулеткіш төлкелер кесу құралдың ығысып кетпеуін және тесіктің өңделген кезде ауқымдалмауын тежелейді.




4.1-сурет – Бұрғының ығыстырылу сұлбасы
Кезеулеткіш төлкелер тұрақты, ауыстырылатын және тез ауыстырылатын болады. Тұрақты төлкелер белдемемен және белдемесіз жасалады.

4.2-сурет – Кезеулеткіш тұрақты төлкелер


Кезеулеткіш төлкелер баспаланып кезеулеткіш тақтаға орнатылады. Кезеулеткіш төлкелердің құрылымдары мен өлшемдері стандарттармен стандартталған.

Ауыстырылатын төлкелер кезеулеткіш тақтаға аралық төлке арқылы орнатылады.


4.3-сурет – Ауыстырылатын төлке


Тез ауыстырылатын төлкелер көп әрекетті операцияларда қолданылады, мысалы, тесік бұрғыланады одан кейін үңгіленеді және ұңғыланады. Бұл төлкелер жеке және шағын-сериялы өндірістерде пайдаланылады. Бұлар аралық төлке арқылы орнатылады.

4.4-сурет – Тез ауыстырылатын кезеулеткіш төлке
Кезеулеткіш төлкелердің ішкі диаметрлері білік жүйеде жасалады және оның саны кесу құралдың диаметріне тең. Яғни мұнда кесу құрал басты болып есептеледі және осьті (бұрғы, үңгі, ұңғылағыш) кесу құралдар аталған білік жүйеде жасалады, сондықтан кезеулеткіш төлкенің ішкі бетімен кесу құралдың екі арасында саңылау болуы тиіс, осыны еске алғанда кесу құралмен кезеулеткіштің ішкі бетінің диаметрлерінің шақтама өрістерінің орналасу сұлбасы 4.5 суретте көрсетілгендей.

4.5-сурет – Кезеулеткіш төлкенің ішкі бетінің және кесу құралдың диаметрлерінің шақтама өрістерінің орналасуы
Яғни, бұрғылау операцияларына жобаланған айлабұйымдардың құрастыру сызбаларында кезеулеткіш төлкенің тесігінің диаметрінің мәні екі «+» ауытқулармен көрсетіледі.

Кезеулеткіш төлкелерді жобалағанда мынадай арақатыстарды ұстану керек.

Н – кезеулеткіш төлкенің биіктігі, Н = (1,5 – 2,0)Dбұрғы .

Кезеулеткіш төлкенің шетжақ және өңделетін тетіктің бетінің арасында жоңқа шығатын е саңылау қажет, оның мөлшері мынадай арақатынастар мен есептеледі:

- шойыннан жасалған тетікте тесік бұрғыланса е = (0,3 – 0,5)Dбұрғы,;

- болаттан жасалған тетікте тесік бұрғыланса е = (0,5 – 1,0)Dбұрғы.

Кезеулеткіш төлкелер тозуға төзімді болаттардан жасалулары абзал, сонда ол көп жұмыс атқаралады.
4.1-кесте

Төлкенің тесігінің диаметрі

Болат маркалары

Термоөңдеу

Қаттылық

25 мм дейін

У10А, У12А,9ХС

шынықтыру

HRC 60 - 65



25 мм ден көп

20, 20Х

көміртектендіру,

шынықтыру


Кей кездерде кезеулеткіш төлкелер қатты қорытпалардан жасалулары мүмкін. Айналмайтын кезеулеткіш төлкелер кезеулеткіш тақталарға орналастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет