Тәжірбиелік жұмыс-9 Қазан революциясы және Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы



бет1/3
Дата18.02.2023
өлшемі25,94 Kb.
#169244
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстан тарих 9 тәж тапсырма


Тәжірбиелік жұмыс-9
1. Қазан революциясы және Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы.
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым
оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен
контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917
жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери
гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі
бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси –
экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31
қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде
Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан
айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде
және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен
орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан
тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша
революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ.
Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен,
Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және
офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес
үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның
16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі
Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді
мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов,
Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық
төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті.
Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес
үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери
көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы
күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда
жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық
күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.
Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты
жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия
жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери –
революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің
қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ
қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да,
Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет