Тәжірибеліқ жұмыс №4 Дәрістің мазмұнын талдаңыз және «арнайы білім беру қажеттіліктері»



бет1/2
Дата28.10.2022
өлшемі33,18 Kb.
#155450
  1   2
Байланысты:
ЖББ ПР-4


Тәжірибеліқ жұмыс №4
1. Дәрістің мазмұнын талдаңыз және «арнайы білім беру қажеттіліктері» ұғымының жеке анықтамасын тұжырымдаңыз (дәптерге жазу);
2. «Инклюзивті мектеп моделі» жобасын дайындау. Түсіндірме жазбада (өзектілігін, мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін) және жобаны іске асыру механихмдерін ашып көрсету
3. Инклюзивтік білімге қарым-қатынасын анықтау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер үшін сауалнама дайындау (әр санат үшін кемінде 5 сұрақ)

1. Арнайы білім беру қажеттіліктері - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);


Арнайы білім беру қажеттіліктері - оқу-дамыту барысындағы сапалы білімалуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;

2. Инклюзивтілік – қоғамның хал-ахуалы, шешімді қабылдау кезінде топтардың (соның ішінде әлсіз топтар) барлығының мүдделері есепке алынған кезде ғана жақсара түседі.


Инклюзивті білім олардың физикалық, психикалық, зияткерлік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне тартылуын көздейтін оқыту мен тәрбиелеу үдерісі.
Инклюзивті білімнің 8 қағидаты:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адам сөйлесуге және естілуге хақылы;
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
5. Нағыз білім тек шынайы өзара қарым-қатынас жағдайында жүзеге асады;
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауына және достығына мұқтаж;
7. Барлық білім алушылар үшін ілгерілеуге қол жеткізу олардың нені істей алмайтыны емес, не істей алатынында болуы керек;
8. Әралуандылық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты: 
● Қоғамның көз –қарасын өзгерту 
● Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету 
● Толық білім алуды ұйымдастыру 
Қоршаған ортаға бейімдеу 
● Дені сау балалармен тең ұстау 
● Өз-өзіне сенімін арттыру 
Жүзеге асу жолдары: 
● Коррекционды сыныптар 
● Техникалық құралдар мен жабдықтар 
● Педагогикалық- психологиялық консилиум 
● Дефектолог жұмысы 
● Логопед жұмысы 
● Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет 
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері . Инклюзивті білім беру - жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту 
Инклюзивтік білім беру негізінде – барлық адамдарға тең қарым-қатынас 
Балалар арасында дискриминацияны болдырмау, 
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.
Мұғалімнің мақсаты:



3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу.



2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.



1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.


Міндеті: 1. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану. 2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет