Хирургия бойынша тест сұрақтары: 1.Жұмсақ таңғыштарға мыналар жатады
а) гипсті таңу
+б) орамалды таңу
в) Крамер шинасы
г) Илизаров аппараты
2.Иық буынының соғылуында қолданылатын таңғыш
а) Тасбақа
+б) айналмалы таңғыш
в) сегіз пішінді
г) Дезо
3. Транспорттық иммобилизация үшін қолданылады.
А) Кузьминский шинасы
б) Белер шинасы
+в) Крамер шинасы
г) цито шинасы
4.Окклюзиялық таңғыш қолданылады
а) артериялық қан кету
б) қабырғаның сынуы
в) клапанды пневмоторакс
+г) Ашық пневмоторакс
5. Веноздық қан кету кезінде таңу түрі
+а) қысым түсіретін
б) окклюзиялық
в) спиральды
в) лейкопластикалық
6. Қатты таңғыштарға мыналар жатады
а) бинт
+б) гипс
в) желім
г) қысым
7.Иық шығуы кезінде қолданылатын таңғыш.
+а) үшбұрышты орамал тәрізді
б) спиральді
в) сегіз пішінді
г) дөңгелек
8. Ашық сынықтарда қандай гипстік таңғыш қолданылады
а) көпір тәрізді
+б) аяқталған
в) жармалық
г) ұзын бойлы
9. Білектердің сынуы кезінде гипс таңғыш қолданылады
а) U-тәрізді
б) көпір тәрізді
+в) етік тәрізді
г) дөңгелек
10.Қолдың саусақтарын жарақаттаған кезде қолданылатын таңғыш
а) крест тәрізді
+б) "қолғап"
в) Тасбақа
г) сақпан тәрізді
ҮІ. Бағалау кезеңі. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алуын, өзіндік жұмысын дұрыс орындауын, бақылау сұрақтарына жауап беруін, сабақ барысында студенттің сабаққа қатысып отыруын қадағалап, бағалаймыз, алған бағаларынын интерпретациялаймыз.
VІI Рефлексия:Өткізілген сабақты бағалау мақсатында студенттермен «Үш сөзбен» әдісі арқылы кері байланыс өткізу.
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
ҮІІI. Үйге тапсырма. Қан топтары мен резус факторды анықтау. Қан кету түрлері мен тоқтату әдістері. ЛОР мүшелерін зерттеу әдістері.
Н.І.Есенғазы «Хирургиядағы мейіргер ісі», Ақтөбе қаласы, 2020 жыл.
В.Т. Пальчун «Оторинолаингология» қазақ тіліне аударған Н.С. Асылбеков 2018 жыл