4.2. Үй тапсырмасын тексеру.
Студенттердің негізгі білімдерін тексеру үшін ауызша блиц сұрақтар қойылады. Студенттер сұрақтарға ауызша жауап беріп, қалған студенттер толықтырып отырады.
WORDWALL платформасында «Кездейсоқ доңғалақ» арқылы блиц сұрақтар:
1. Десмургия түсінігі. Таңғыш түрлері.
2. Таңғыш қоюдың ережелерін көрсетіңдер.
3. Бинтті таңғыштардың негізгі типтерін атаңдар.
4. Бекіткіш таңғыш туралы айтыңдар.
5. Қысып тұратын таңғышты қандай жағдайда қояды?
6. Таңу материалы ретінде қандай материалдар қолданылады?
7. Шынтаққа «Тасбақа» байламын салу мақсаты, көрсеткіштері.
8. Қолға «Крамер» шинасын салу мақсаты, көрсеткіштері.
9. Мұрын жарақаттарының түрлері?
10.Мұрыннан қан кету себептері?
11. Мұрыннан қан кетулерді тоқтататын тәсілдерді атаңыз.
12.Құлақтың акустикалық жарақаттары дегеніміз не?
4.3. Практикалық дағдыларды демонстрациялау:
Демонстрациялау кезеңінде студенттерге плакаттардан, презентациядан хирургия және оториноларингология саласында жиі қолданылатын таңғыш түрлерінің суреттерін көрсетіп, жасалу алгоритмдерін түсіндіреміз.
Мулляжда қол жарақаттарында жұмсақ таңғыш «Тасбақа байламы» және Крамер шинасын салып және мұрынға «Сақпан тәрізді» байламаның жасалу техникасын, құлақ жарақаттарында салынатын таңғыштардың салу техникасын көрсетеміз.
«Сақпан тәрізді» байламаның жасалу алгоритмі.
75 см-ден 1 м-ге дейінгі ұзындықта бинт дайындап аламыз.
Дайындап алған бинттен ортасыннан 15 см кесілмеген ортасын алып екі шетінен қиямыз.
Кесілмеген бинттің ортасына стерильді мақта салынады.
Ортасындағы бөлікті екі жағынан байлап бекітеміз.
Дайын болған «Сақпан тәрізді» байламды мұрынға орналастырып байлаймыз.
Құлақ жарақатында қолданылатын таңғыш салу алгоритмі.
Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу
Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру
Залалсыздандырылған пинцет көмегімен құлаққа таңғышты салу
Таңу, ауру құлақ жақтан басталады. Айнамалы орамы маңдай аймағынан самайды айналдыра бекіту жүргізіледі.
ІІ айналым құлақтың артқы жағынан төмен түсіп , жарақат алған құлақты жабады және жоғары қарай қайта бекіту жолына түседі
ІІІ айналым қайта бекіту жолы болып табылады. Бұл әдіс толық жарақаттанған құлақ жабылғанға дейін қайталанады.
Бекіту жолына қайта түсіп, дәкені ұштары бір- біріне бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |