4.4 Өзіндік жұмысы
1.Wordwall платформасында «Жұбын тап» арқылы сәйкестендіру жүргізу:
Суреттерді атауларына сай сәйкестендіру.
«Тасбақа» байламы «Крамер» шинасын салу
«Сақпан тәрізді» байлама Құлаққа салынатын таңғыштар
Алдыңғы-артқы тампонада «Крамер» шинасы
2. «Жарнама!» әдісі
Қолданылуы:Әр топтан бір оқушы таңдалады. Алдын –ала сабаққа қатысты жазылған бір сөзді конверттен таңдайды да, сөздің өзін атамай түсіндіреді. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді. Тиімділігі: Өткен сабақ бойынша берілген ақпаратты еске түсіреді, жауапкершілік артады.
3. «Викторина» әдісі арқылы студенттерге өткізілген тақырыптар бойынша сұрақ жауап жүргізу.
4. Көрсетілген практикалық дағдыларды екі топқа бөлініп белгіленген уақыт ішінде дұрыс салып көрсету. (хирургия бойынша)
5. Көрсетілген практикалық дағдыларды екі топқа бөлініп белгіленген уақыт ішінде дұрыс салып көрсету. (оториноларингология бойынша)
6. «Қалпына келтіру» әдісі бойынша алдыңғы және артқы тампонада жасау алоргитмінің реттілігін дұрыстау.
4.5 Практикалық дағдыларды тексеру.
Хириургия және оториноларингология бойынша 10 сұрақтан тест тапсырмалары беріледі.
Оториноларингология бойынша тест сұрақтары:
1.Мұрын пердесінің гематомасының емі:
А. тампонада
В. тілу және дренаждау
С. тілу және тампонада
+D. пункция, сору және тампонада
Е. физиотерапия
2.Мұрыннан қан кету жиі мұрынның қай бөлігінен болады
А. төменгі мұрын раковинасы
В. ортанғы мұрын раковинасы
С. жоғарғы мұрын раковинасы
+D. мұрын пердесінің алдыңғы бөлігінен
Е. мұрын қуысының түбінен
3. Құлақ жарақаты бөлінеді:
+А. Құлақ қалқанымен шектелген жарақат және периаурикулярды тіндер, ортаңғы құлақ және бастың басқа бөлімдерінің жарақаты.
В. Құлақ қалқанының комбинацияланған жарақаты мен периаурикулярды тіндер жарақаты.
С. Құлақ қалқаны жарақаты және бастың басқа бөлімдерінің жарақаты.
D. Периаурикулярды тіндермен, ортаңғы құлақпен және бастың басқа бөлімдермен шектелген жарақаты.
E. Құлақ қалқанымен шектелген жарақат және периаурикулярды тіндер жарақаты.
4. Құлақ қалқанымен шектелген жарақатта зақымдану ауырлығы анықталады:
А. Зақымданудың ұзындығы және тереңдігімен.
В. Шеміршек пен шеміршекүсті қабаттың зақымдану дәрежесімен.
+С. Шеміршек пен шеміршекүсті қабаттың зақымдану дәрежесімен, зақымданудың ұзындығы және тереңдігімен.
D. Шеміршек пен шеміршекүсті қабаттың зақымдануының ұзындығы және тереңдігімен.
E. Шеміршектің зақымдану ұзындығы және тереңдігімен, зақымдану дәрежесімен,.
5. Отгематома бұл:
А. құлақ қалқаны шеміршегінің астына қан құйылу
В. Құлақ қалқаны терісінің астына қан құйылу
С. Құлақ қалқаны астына қан құйылу
D. құлақ қалқаны май тіндері астына қан құйылу
+E. Құлақ қалқаны шеміршекүсті астына қан құйылу
6. Отгематома қандай асқынуға алып келеді?
А. Перихондритке
В. Абсцесске
С. Құлақ қалқанының деформациясына
D. Құлақ қалқанының жиырлуына
+E. хондроперихондритке
7. Мұрын пердесінің гематомасының басты себебі
А. жедел ринит
В. мұрын фурункуласы, жедел ринит
+С. мұрын жарақаты
D. вазомотор риниті
Е. Аденоид
8. Мұрыннан қан кету кезінде қосымша қандай мамандар кеңесі қажет?
А. пульмонолог
В. хирург
+С. кардиолог
D. офтальмолог
Е. травматолог
9. Мұрын тампонадасы кезінде қолданылатын таңғыш атауы?
А. сегіз тәрізді
В. крамер
С. дитерихс
+D. сақпан тәрізді
Е. тасбақа
10. Алдыңғы-артқы тампонадаға көрсеткіш:
А. синусит
+В. мұрыннан қан кету
С. мұрын фурункулында
D. ринит
Е. мұрын экземасы
Достарыңызбен бөлісу: |