Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет10/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

61 ПРЕПАРАТ. Бүйрек үсті безі. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен бүйрек үсті безінің дәнекер тканді капсуласын, қыртыс затын көруге болады. Үлкен ұлғайтқышпен дәнекер тканді капсуланы, қыртыс және жұмсақ затты зерттеп, суретін салі. Қыртыс затында үш аймақты ажыратамыз: шумақты, шоғырлы, торлы. Шумақты аймақта ұсақ клеткалардың жинақталуы; шоғырлы аймақта бау болып орналасқан вакуольді цитоплазмалы клетка, торлы аймақта клеткалар тор құрай орналасқан. Жұмсақ затта цитоплазмасында түйіршіктері бар хромаффинді клетка мен дәнекер клеткалары және синосо идты капиллярды көруге болады.
Суретте белгілеу керек:
1. дәнекер тканді капсула
2. қыртыс зат
а) шоғырлы аймақ
б) шумақты аймақ
в) торлы аймақ
3. жұмсақ зат
г) хромаффинді клетка
4. синусоидты капилляр

54 ПРЕПАРАТ. Торлы сүйек майы. Г.Э.


Үлкен ұлғайтқышпен мегакариоциттер, синусоидты капиллярлар және май клеткасы көрінетін гемопоэтикалық тканді зерттеп, суретін салу.
Суретте белгілеу керек:
1. синусоидты тамырлар
2. гемопоэтикалық ткань
3. мегакариоцит
4. май клеткасы

55 ПРЕПАРАТ. Лимфа түйіні. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен лимфа түйінінің дәнекер тканді капсуласын, одан ішке еніп жатқан трабекуланы, лимфа түйіншектерінен тұратын қыртыс затты, паракортикальды аймақты, одан ішке бағытталған жұмсақ бауды және осы жұмсақ баудан құралған жұмсақ затты тауып, зерттеп, оның суретін салу керек.
Суретте белгілеу керек:
1. дәнекер тканді капсула
2. трабекула
3. қыртыс зат
4. лимфа түйіншегі
5. паракортикальды аймақ
6. жұмсақ зат
7. жұмсақ бау

56 ПРЕПАРАТ. Ересек адамның айыршық безі. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен тимус паренхимасының тек кіші аралшық түрінде қалғанын және сирек айыршық без денешіктері орналасқан ашық жұмсақ зат пен күңгірт қыртыс затты көруге болады. Паренхима аралшықтары арасында қан тамырларымен қатар май және дәнекер ткані көп мөлшерде орналасқан.
Кіші ұлғайтқышпен суретін салып, белгілеу керек:
1. паренхима аралшықтары
2. май ткані
3. дәнекер тканді перде
4. қан тамырлары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет