Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет12/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

38 ПРЕПАРАТ. Мишық. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен қарағанда, сұр заттың негізгі массасы мүшенің беткейінде орналасып, оның қыртысын құрайды. Ақ заты ішкі жағында орналасады. Үлкен ұлғайтқышпен алмұрт тәрізді клеткалар қатарын, ал оның үстіңгі жағында корзинкалы нейроннан құралған молекулярлы қабатты көруге болады. Ал, алмұрт тәрізді нейрондар қабаттының ішкі жағында, ганглиозды қабатта, ал түйіршікті клеткалар түйіршікті қабатта орналасқан. Оның астында ақ заты бар.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. молекулярлы қабат
2. ганглиозды қабат
3. түйіршікті қабат
4. ақ зат

39ПРЕПАРАТ. Мишық қыртысының неврондары. Күміс импрегнациясы.


Кіші ұлғайтқышпен молекулярлы қабатқа тармақталған дендриттері бар алмұрт тәрізді клеткалары қатарын көру керек. Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше клеткаларды салу қажет. Ал, молекулярлық қабаттың корзинкалы клеткаларының өсінділері алмұрт тәрізді клетканың негізіне өрім құрайтынына көз жеткізіңіз.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. алмұрт тәрізді клетка
2. оның дендриттері
3. корзинкалы өрім

40 ПРЕПАРАТ. Ми жарты шары қыртысы. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен ми қыртысы құрылысының қабат құрап орналасқанын көз жеткізу қажет. Үлкен ұлғайтқышпен ми қыртысының сыртқы молекулярлы қабатын ажыратуға болады. Онда клеткалар аз, келесі сыртқы түйіршікті қабат – ұсақ дөңгелек, пирамида пішінді нейрондардан тұрады. Онан әрі, жалпақ – пирамида қабаты бар. Сосын ішкі түйіршікті қабат жатыр, ол ұсақ жұлдызша пішінді клеткалардан құралған. Одан әрі ганглионарлы қабаты орналасқан. Ол үлкен пирамида нейрондарынан тұрады. Келесі, полиморфты клеткалар қабатын көресіз.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. молекулярлы қабат
2. сыртқы түйіршікті қабат
3. пирамида қабаты
4. ішкі түйіршікті қабат
5. ганглионарлы қабат
6. полиморфты қабат

41 ПРЕПАРАТ. Ми жарты шары қыртысының неврондары. Күміс импрегнациясы.


Кіші ұлғайтқышпен ганглионарлық қабаттың ірі пирамида клеткасын табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен клетканың денесі пирамида пішінді екенін, оның шыңы молекулярлы қабатқа бағытталғанына көз жеткізіп, пирамида клеткасын салыңыз.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. пирамида клеткасы
2. оның ядросы
3. дендриті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет