Тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар: №83 препарат. Кеңірдек. Г. Э



бет7/14
Дата29.12.2022
өлшемі39,76 Kb.
#164829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Экзам вопросы КАЗ 2022-2023 (копия)

82 ПРЕПАРАТ. Ұйқы безі. Г.Э.
Кіші ұлғайтумен бөлік аралық дәнекер тканімен бөлінген без бөліктерін көруге болады. Бөлік аралық дәнекер тканде қан тамырлары мен шығару өзектері орналасқан. Бөлікте экзокринді соңғы бөлім мен клеткалардың шоғырынан тұратын эндокринді аралшықты табыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше соңғы экзокринді бөлім мен эндокринді аралшық суретін салыңыз.
Суретті белгілеу керек:
1. экзокринді соңғы бөлім
2. экзокринді панкреатоцит
3. бөлік ішілік дәнекер ткань
4. экзокринді аралшық
5. бөлік аралық дәнекер ткань
6. бөлік аралық шығару өзегі

86 ПРЕПАРАТ. Бүйрек. Г.Э.


Кіші ұлғайтқышпен бүйректің фиброзды капсуламен жабылғанын көреміз. Бүйректің қыртыс және жұмсақ затын ажыратамыз. Қыртыс заты бүйрек денешіктері мен радиальды бағытталған ирек каналшалардан құралған. Жұмсақ зат тіке каналшалардан тұрады. Үлкен ұлғайтқышпен бүйрек денешіктерінде: капилляр шумағы, капсуланың сыртқы қабырғасы және олардың арасында орналасқан капсула саңылауын ажыратамыз. Проксимальды каналшаның саңылауы тар, бір қатарлы куб тәрізді жиекті эпителиймен жабылған. Цитоплазмасы оксифильді, клетканың апикальды бетінде және базальды негізінде сызықтық жиек бар. Дистальды каналша аласа призмалы эпителиймен жабылған, цитоплазмасы ашық. Олардың саңылауы кең, клетканың апикальды бетінде сызықтық жиегі жоқ. Жіңішке каналшаның қабырғасы бір қабатты жазық эпителиден тұрады. Жинағыш түтікшенің саңылауы кең және қабырғасының цитоплазмасы ашық бір қатарлы куб тәрізді эпителиден құралған.
Суретті белгілеу керек:
1. дәнекер тканьді капсула
2. бүйректің қыртыс заты
а) бүйрек денешігі
б) нефронның ирек каналшасы
в) қыртыс заттың қан тамырлары
3. жұмсақ зат
г) нефронның тіке каналшалары
д) жұмсақ заттың қан тамырлары

87 ПРЕПАРАТ. Қуық. Г.Э.


Препаратты кіші және үлкен ұлғайтқышпен зерттеңіз. Қуық бос жағдайда кілегей қабығында көптеген қатпарлар түзіледі. Кілегей қабығы ауыспалы эпителиймен жабылған, оның астында меншікті қабат орналасқан. Ол еш шекарасыз бірден кілегей асты қабыққа ауысады. Ет қабығы үш қабаттан: ішкі және сыртқы – ұзына бойлы, ортаңғы – сақиналы қабаттан тұрады. Сыртқы қабығы сір қабықтан құралған. Кіші ұлғайтқышпен суретті салып, белгілеңіз:
І. Кілегей қабық
1. ауыспалы эпителий
2. меншікті қабат
ІІ. Кілегей асты қабығы
ІІІ. Ет қабығы
1. ішкі ұзына бойлы
2. ортаңғы сақиналы
3. сыртқы ұзына бойлы
ІV. Сірі қабығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет