сабақ тақырыбы бойынша:
Жылу процестері. Қыздыру-салқындату, буландыру-конденсациялау. Жылу берілуі: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену. Ньютон заңы, Фик заңы, Стефан-Больцман заңы. Күрделі жылу алмасу.
Жылу тасымалдағыштар: су, өткір және қатаң су булары, минералды майлар және т.б. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылу аймақтары.
Мұздатқыш агенттер: су, мұз, тұздықтар және т.б. Олардың қолданылу аймақтары.
Жылу алмастырғыш аппараттар, олардың түрлері.
Бу бекіткіш қондырғылар, Конденсациялық қабылдағыштар.
Хош иісті сулардың сипаттамасы, номенклатурасы, қолданылуы.
Хош иісті суларды алу әдістері. Аппараттар.
Эфир майларын су буымен айдау процесінің теориялық негіздері. Дальтон заңы.
Ащы бадам суының өндірісі. Бұл кезде жүретін процестердің химизмі. Препараттың сақталуы, қолданылуы, стандартталуы.
Кориандрдың спирттік сулы ерітіндісін алу. Қолданылуы.
Хош иісті суларды еріту әдісімен дайындау: жалпы технологиясы, эфир майлары мен судың қатынасы. Номенклатурасы.
Студенттердің лабораториялық жұмысы
Студенттер келесі тапсырмалар бойынша жеке лабораториялық жұмыстарды орындауы тиіс:
Тапсырма N 1. Келесі өсімдік шикізатынан хош иісті суларды су буымен айдау әдісімен алу үшін лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппаратуралық схемасын сызып көрсетіңіз: аскөк (кориандр, анис) жемісінен, дәрілік түймедағы гүлінен, салвия жапырағынан (эвкалипт). Оқытушының тапсырмасы бойынша 150-250 мл хош иісті су алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.
Тапсырма N 2. Хош иісті суларды су буымен айдау әдісімен дайындаңыз, оны стандарттап, көлемін анықтаңыз. Дайын өнімді бөлшектеп, орамдап, безендіріңіз. Оқытушыға тапсырыңыз.
Тапсырма N 3. Хош иісті суларды айдау әдісімен алу өндірісіндегі материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеңіз. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |