СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ Тапсырма N 1. Алдын-ала алынған қарапайым қант шырынынан алтей шырынын алу үшін лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппартуралық схемасын сызыңыз. Оқытушының тапсырмасы бойынша 40-60 (г) қарапайым қант шырынын, 40-60 (г) алтей шырынын алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.
Тапсырма N 2.Қарапайым қант шырынын дайындау, МФ Х бойынша (615-бет) оның стандартизациясын жүргізу, салмағын анықтау. Алынған қант шырынының салмағына қарай алтей шырынын дайындау үшін алдын-ала есеп жүргізу, алтей шырынын дайындау, МФ ІХ (453-454 беттер) бойынша стандарттау, бөлшектеу, орамдау, безендіру. Дайын өнімді оқытушыға тапсыру.
Тапсырма N 3. Алтей шырыны өндірісінде материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді келесі сатылар бойынша есептеңіздер: қарапайым қант шырынын дайындау, алтей шырынын дайындау. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдыру керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау, регламент безендіру, есептер шығару.
Әдебиет Негізгі: Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.