дайындалған дәрілік түрді дұрыс безендіру және оқытушыға өткізу;
Білім берудің және оқытудың әдістері:тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау, регламент безендіру, есептер шығару.
Әдебиет Негізгі: Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.
МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.
Қосымша: Лекциялық материалдар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау: Ситуациялық есептер: Есеп 1. 400 л 90 % (салмақтық) этанолды 65% (салмақтық) концентрацияға дейін сұйылту үшін керекті 20% этанолдың (салмақтық) көлемін және массасын есептеңіз.
Есеп 2. МФ СССР ХІ басылымының 1-том, 26-29 бет.берілген кесте көмегімен спирттің концентрациясын қоспаларының қайнау температурасы бойынша табыңыз:
а) 820 С б) 80,50 С в) 90,80 С г) 960 С
д) 79,40 С е) 86,50 С ж) 81,20 С.
Берілген концентрация қандай процентпен көрсетілген (көлемдік немесе салмақтық)?
Есеп 3. 550 мл 40% этанол алуға қажетті 90% этанолдың мөлшерін есептеңіз. Алкоголиметриялық кесте көмегімен этанолдың керекті концентрациясына дейін сұйылтуға қажетті судың мөлшерін есептеңіз.