Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу



бет36/50
Дата03.11.2023
өлшемі490 Kb.
#189224
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз

Сабақ № 11
Кредит 3
Тақырып 4: Максимальды тазартылған фитопрепараттарды алу. Стандарттау.


Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды орындау барысында тақырып бойынша алған білімді бекіту. Сокслет типті қондырғыдан циркуляциялық экстракция арқылы препараттарды алуды үйрену және сығындыларды балласты және қосалқы заттардан толығымен тазартуды жүргізу.

Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:

  • жаңа галендік препараттар өндірісінің технологиялық схемасы;

  • біріншілік және терең тазарту тәсілдері;

  • жаңа галендік препараттарды алуға қолданылатын аппараттар;

  • жеке заттардың препараттарының артықшылықтары;

  • экстрагенттердің номенклатурасы.

студент істей білуі тиіс:

  • Сокслет қондырғысында циркуляциялық экстракция жүргізу, аппаратты дұрыс жинау және жұмысқа қосу;

  • сығындыларды біріншілік және терең тазартуды дұрыс жүргізу;

  • препаратты стандарттау;

  • әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:
негізгі білім бойынша:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша латын және орыс терминологиясы.

  2. Өсімдік шикізатының биохимиялық құрамы.

  3. Сығындыларды тазарту. Негізгі тәсілдері.

  4. Сорбция, дегидратация, сұйықтықты экстрацияның теориялық негіздері.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Жаңа галендік препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы.

  2. Жаңа галендік препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Экстракциялау тәсілдері, оларды қолдану ерекшеліктері.

  3. Жаңа галендік препараттар өндірісінде қолданылатын экстрагенттер.

  4. Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды біріншілік тазарту тәсілдері. Фракциялық тұндыру. Оның негізгі тәсілдері. Олардың негізінде жатқан әсер ету механизмі. Қолданылатын аппараттар.

  5. Жаңа галендік препараттар өндірісінде сығындыларды терең (толық) тазарту тәсілдері.

  6. Сорбция түрлері (адсорбция, адсорбция, хемосорбция).Қолданылатын аппараттар (абсорбер, адсорбер) және қондырғылар. Олардың құрылыстары мен жұмыс істеу принциптері.

  7. Диализ және электродиализ. Олардың механизмдері. Қолданылуы. Қолданылатын аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  8. Сұйықтықты экстракция, оның механизмі. Қолданылатын қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  9. Жалынгүл, дигиталис, үлкен жолжелкен, меруертгүл, спорынья, раувольфияның жаңа галендік препараттарының жеке технологиялары.

  10. Жаңа галендік препараттарды стандарттау, оларды босату түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет