Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу



бет37/50
Дата03.11.2023
өлшемі490 Kb.
#189224
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.
Тапсырма N 1. Адонизидтің берілген мөлшерін циркуляциялық экстракциямен алу. Экстрагент: 96% этанол және хлороформ қоспасы (5:95). Ол үшін:
а) бастапқы шикізат пен экстрагенттің мөлшерін есептеу. Өсімдік шикізатын алдын – ала ісіндіріп қою керек.;
б) адонизид өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру;
в) алынған сығындыны біріншілік және толығымен тазарту, стандарттау.
г) әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрастыру.
Тапсырма N 2. "Руководства к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм" (Тенцова А.И. - М., 1986 г) оқулығындағы 190-192 беттердегі есептерді шығару.


Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, лабораториялық жұмыс, регламент безендіру, мылқау карталармен жұмыс.

Әдебиеттер
Негізгі:

  1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  2. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  3. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.



Бақылау:
Бақылау сұрақтары:

  1. Экстракциялық препараттарға анықтама беріңіздер. Қалай жіктеледі? Мысал келтіріңіздер.

  2. Экстракциялаудың қандай әдістерін білесіздер? Олар қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі?

  3. Жаңа галендік препараттар дегеніміз не? Артықшылықтары мен кемшіліктері. Жіктелуі. Мысал келтіріңіздер.

  4. Жаңа галендік препараттарды алудың жалпы схемасы. Олардың өндірісінде экстракциялаудың қандай тәсілдері қолданылады?

  5. Біріншілік тазартудың қандай тәсілдерін білесіздер?

  6. Спирттік тазартудың, тұздықтаудың, ауыр металдар тұздарымен тұнбаға түсірудің, денатурацияның, еріткішті ауыстырудың механизмі.

  7. Сығындыны сапониндер мен хлорофилден қандай тәсілмен тазартады? Тазарту қалай жүргізіледі?

  8. Сығындыларды толығымен (терең) тазарту тәсілдері.

  9. Сұйықтықтық экстракцияның механизмі қандай? Олар қандай жағдайда, қандай аппаратта, қалай жүргізіледі?

  10. Сорбцияның қандай түрлерін білесіздер? Сипаттама беріңіздер.

  11. Сығындыларды тазарту үшін қандай адсорбенттер қолданылады? Қандай аппараттарда?

  12. Хемосорбция дегеніміз не? Сорбенттер ретінде не қолданылады?

  13. Тазарту тәсілі ретінде диализдің механаизмі қандай? Сорбент ретінде не қолданылады?

  14. Құрамында жүрек гликозидтері бар жаңа галендік препараттарда илік заттар неліктен болмауы керек? Олардан қалай тазартады?

  15. Жаңа галендік препараттар өндірісінде қандай экстрагенттер қолданылады? Неліктен?

  16. Жаңа галендік препараттар қалай стандартталады? Қалай босатылады?

  17. Жалынгүл, оймақгүл, үлкен жолжелкен, қара күйе, меруертгүл препараттарының жеке технологияларының ерекшеліктері неде?

  18. Жеке заттар препараттарының артықшылықтары? Олардың номенклатурасы.

  19. Жеке заттар препараттарының алынуының жалпы схемасы.

  20. Бұл топтың сығындыларын алу өндірісінде қолданылатын экстрагентті таңдау үшін неге сүйенеді?

  21. Алынған сығындыдан әсер етуші заттар суммасын қандай тәсілдермен бөліп алады?

  22. Өсімдік шикізатынан алынған сығындыны тазартудың ерекшеліктері.

  23. Дигитоксин, целанид, эрготамин гидротартрат препаратттарының жеке техонологияларының ерекшеліктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет