Әдістемелік нұсқаулық:Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, жаңа оқыту технологиясы бойынша да, негізгі мақсат оқыту мақсаты болып қалады және ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің(мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдары), олардың өзара байланыстылығының өзгеруін талап етеді.