Эпидемиологиясы:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне сүйенсек, дүниежүзінің 45
мемлекетінде 2000 мың адамда ұйқы безінің рагы анықталған және онымен аурушылық
көрсеткіші экономикасы дамыған мемлекеттерде өте жоғары. Мысалы, дүниежүзілік стандарт бойынша өте жоғарғы аурушылық көрсеткіші Гавай аралдарындағы жергілікті тұрғындарда – 42,8; ал Израилда – 22,3; Финляндияда –20,1; АҚШ-та – 19,9; Швецияда –17,3; Ұлыбританияда – 16,6; орташа Батыс Еуропа елдерінде –8,9; ТМД да-8,7; ал төменгі Мысырда –3,3; Въетнамда– 2,7; Үндістанда – 2,7; Молида – 2,2 (Parkin M. D. et. al.2005).
2008 жылы ТМД одағындағы 6 республикадағы 100 000 адамға шаққандағы аурушылық көрсеткіштері: Ресейде – 9,9; Белоруста – 9,2; Арменияда – 8,2; Қазақстанда – 5,6; Әзірбайжанда – 2,4; Қырғызстанда – 2,3 (М. И. Давыдов, Е. М. Аксель, 2010).
Қазақстан Республикасында соңғы 10 жыл аралығында әрбір жыл сайын ұйқы безі рагы 900-960 науқаста алғашқы рет анықталады, 100 000 адамға шаққандағы көрсеткіш 6,1-6,4, ол барлық қатерлі ісіктердің 3,1-3,3 % құрайды. Ұйқы безінің облыстардағы аурушылық көрсеткіштері жөнінде соңғы жылдары жарияланған деректі мәліметтер жоқ. Егер 2004 жылғы мәлімдемеге сүйенсек, жалпы аурушылық көрсеткіші – 6,3%ооо, ал одан жоғары көрсеткіштер Ақмола –13,9, Павлодар – 10,6, ШҚ – 9,9, Қарағанды – 8,6, Қостанай – 7,9 облыстарында және Алматы қаласында – 7,2, ал төменгі Маңғыстау – 0,6, СҚ – 2,8, Ақтөбе – 3,6, Жамбыл – 3,6, ОҚ – 4,0, Алматы – 4,2 облыстарында тіркелген. Еркектер арасында – 3,6%ооо , әйелдер арасында – 3,0%ооо (Арзықұлов Ж.А., Сейтқазина Ғ.Д. т.б. 2005).
Достарыңызбен бөлісу: |