Паллиативтік операциялар
Ұйқы безіне түбегейлі операция жасауға мүмкіншілік болмай, науқастағы ауыр асқынуларды бәсеңдетіп, төмендегі төрт мақсатқа қол жеткізу үшін паллиативтік операциялар қолданылады. Ондағы негізгі көзделетін мақсаттар:
- дененің сарғаюын (холемияны) төмендетіп немесе жойып, өтті ас қорыту үрдісіне қосу;
- ас қорыту үрдісіне ұйқы безінің экскреторлық қызметін қосу;
- шыдатпайтын ауыру сезімін бәсеңдету немесе жою;
- ұлтабардың өтімсіздігінен туындайтын асқынуды жою.
Аталмыш мақсаттарды орындау үшін төмендегідей билиодегистивтік жалғамалы ұштастыру операциялары қолданылады. Олар:
- холецистогастроанастомоз (Terrier F., 1896) – өт қапшығының түбі асқазанның кіші иінінің алдыңғы қабырғасына жалғанады;
- холецистодуоденоанастомоз (Reidel H., 1888) – өт қапшығының түбі ұлтабардың алдыңғы төмендеген бөлігіне жалғанады;
- холецистоэнтероанастомоз (Miculich I., 1990) – өт қапшығының түбі ащы ішекке жалғанады;
- холедоходуоденоанастомоз (Brunner F., 1899) – алдын ала ұлтабарды Кохер әдісімен уыттап босатып, оны өт қабы өзегінің жоғарғы жағынан жалпы өз өзегіне жалғайды;
- гепатикоэнтероанастомоз (Terrier F., 1911) – ісік өт қабы өзегін бітегенде жалпы бауыр ішілік өт өзегін ащы ішекке жалғайды.
Егер де аталмыш жалғамаларды жасауға мүмкіншілік болмаған және операция үстінде науқастың жағдайы күрт нашарлаған жағдайда өттік ферменттерді тез шығару үшін сыртқа біте түтік( наружное дренирование) шығарылады, тұрақты өтті жыланкөз қалыптастырылады.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі құрсақтық жүйке өріміне жабысып, жоғарғы құрсақтық аймақта белдеме тәріздес тұрақты қатты ауыру сезімі болса, химиялық невротомия қолданылады. Ол үшін операция үстінде артқы шарбы қуысын ашып, ауыру сезімі ұялаған құрсақ өрімі аймағына 6% фенол (Flanigon D 1978) немесе 50% этанол (Whitet, 1978) сұйықтықтары енгізіледі.
Егер ісік жалпы өт өзегін бітей бастаса, түбегейлі операция жасау мүмкіншілігі болмаса, тарылған жалпы өт өзегіне Фатеров еміздігі арқылы стент қойылады.
Қазіргі кезде ұйқы безі рагы алғаш рет 65-70% науқастарда ісіктік үрдістің III-IV даму сатыларында анықталады, оларға түбегейлі тұрғыда хирургиялық операция жеке қолданылмайды, көбіне паллиативті тұрғыда сәулелік, химиотерапиялық ем тәсілдері жеке немесе кешенді түрде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |