Патологиялық анатомиясы:
Ұйқы безі рагының макроскопиялық көрінісі ісіктің орналасу орнына, өлшемдеріне және түріне сәйкес келеді. Қатерлі ісік бездің кез келген жерінде орналасады. Ісіктің 60-70 % бездің басын, 20-30 % денесін, 5-10 % құйрығын зақымдайды. Ісік түйінді және диффузды түрде өседі.
Көбінесе бұлар без тінінің ішінде орналасады, консистенциясы қаттылау келеді, дөңгелек жеке түйіндік көрініс береді, кейде бездің беткейі бұжырлау болады. Дене және құйрық ісіктері өттік түтіктің ретродуоденалдық бөлігінен өтіп кететіндіктен механикалық сарғыштану пайда болады. Ісіктің жалпы өт түтігінің супрадуоденалдық бөлігіне немесе бауырдың ішкі түтіктеріне өтуі сирек кездеседі. Ісік түйіні ұйқы безінің басының төменгі жағында, жалпы өт түтігінен біршама алыс орналасса, онда дене көп уақытқа дейін сарғаймайды. Ісік лимфа, қан тамырлары бойында орналасса, ісік жасушалары жан-жаққа, сонымен бірге алыс ағзаларға (бүйрек, бүйрек үсті безі, сүйектер, өкпе) тез жайылады.
Достарыңызбен бөлісу: |