Ұйқы безі рагының таралу жолдары:
1. Ісіктің көрші тіндерге жабыса таралуы (жалпы өт жолы, асқазан, ұлтабар, бауыр);
2. Лимфогенді метастаздары перипанкреатикальдық, парааортальдық, мезентериальдық
лимфа түйіндеріне таралады;
3. Гематогендік метастаздары қақпа венасы арқылы бауырға, өкпеге, сүйектерге таралады;
4. Периневральдық кеңістік арқылы таралуы да сирек емес.
Ұйқы безі рагының даму сатысының TNM жүйесімен жіктелуі:
0 даму сатысы – TisN0M0 (in situ рагы);
І «А» даму сатысы – T1N0M0 (ісіктің көлемі 2 см дейін, бірақ ол ұйқы безі ұлпасының ішін ғана зақымдаумен шектелген, аймақтық лимфа түйінде метастаз жоқ);
І «В» даму сатысы – T2N0M0 (ісік көлемі 2 см-ден артық, ол ұйқы безі ұлпасының ішін
ғана зақымдаумен шектелген, аймақтық лимфа түйіндерде метастазы жоқ);
Достарыңызбен бөлісу: |