Күздік бидайға қолайлы топырақ Күздік дәнді дақылдардың ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары. Ол мол өнімді арам-шөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды қара топырақтар мен қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды.
Күздік бидай үшін құнарлы, ылғал жеткілікті, арамшөптерден таза, реакциясы бейтарап (pH 6-7,5) ,қара және қара – қоңыр топырақтар өте қолайлы. Құмдауыт топырақтарда ол өнімді өте аз береді. Азот пен фосфорды түптену – гүлдену, калийді масақтану және гүлдену кезеңдерінде көп қажет етеді.