Тұқымың түптенуі Күздік бидай түзде және көктемде де түптейді. Бірақ күздегі түптенуі өнімді болады. Түптенуге қолайлы температура +8-10С, ал +5С –та түптену процесі тоқтап қалады. Қарсыз қыста күздік бидай +16-18С үсіп кетеді, ал қалыңдығы 20 см қар жамылғысында 30С дейінгі аяздарға шыдайды.
Тұқымның Көктеуі Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктердің көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғалға ж.б. байланысты.
Тұқмның масақтану және гүлдеуі Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдың ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа температурасы 18-20оС.
Тұқымның пісуі Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады. Күздік бидайдың пісу ерекшеліктері көп жағдайда басқа дәнді дақылдарға ұқсас