Елімізде аудандастырылған сорттары Елімізде күздік бидайдың 20-дан астам сорттары аудандастырылған. Көп таралған сорттары:
Безостая 1
Мироновская 808
Карлығаш
Комсомольская 56
Богарная 56
Жетісу
Южная 12
Тұқымды дайындау және себу Себуге тек өте сапалы бірінші класты тұқым пайдаланылады. Қаракүйе , тамыршірігі ауруларымен күресу үшін тұқымды екпесен бұрын өңдеу керек. Күздік бидайдыңжақсы қыстап шығуына оның себілу мерзімі қатты әсер етеді. Мернзімінде себілген бидай қыстан көбінесе аман шығады. Күздік бидай тұрақтысуық түсерден 50-60 күн бұрын себілуі тиіс.
Күздік бидайды әртүрлі тәсілдермен себуге болады: жай қатарлы әдіспен (қатараралығы 15 см), тар қатараралықты ( қатараралығы 7,5 см) және тоғыспалы әдіспен. Дақылды жай қатармен себу , ылғалы тапшы аймақтарда жақсы нәтиже береді. Тар ұатармен себу үшін топырақты жақсылап өңдеген жөн. Топырақ дұрыс өңделмесе , тұқым қажетті тереңдікке сіңірілмейді.. Оның өзі тұқымның өнуіне , бидайдың қыстан аман шығуына керні әсерін тигізеді. Тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен сепкен кезде тұқым себу мөлшері 10-15 % көбейтіледі.
Тыңайту Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді.
Күздік бидай түптену кезеңі аяқталып, түтік шығару сатысы басталғанда тыңайтқышты көптеп қажет етеді. Азот дақылға өсуінің алғашқы сатыларында және дәні толысар кезінде қажет. Фосфорды көктеуден гүлдену кезіне дейін сіңіреді.