Құрамы: Күздік бидай Халық шаруашылығында маңызы: Дәнді астықтардың ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асыптүседі. Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық бидайдан жоғары , ал күздік қара бидайдан үнемі көп болады.
Биологиялық ерекшеліктері: Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады.
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп өсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеліп соғады: жасушаларда судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімсіздігі — протоплазма биоколлоидтарының коагуляциясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді. Өсімдіктердің қыстап шығу кезеңіндегі құрамды қолайсыз жағдайларға төтеп беруі оның қысқа төзімділігі, ал өсімдіктердің төменгі теріс температураға төтеп беруі аязға төзімділігі деп аталады.
Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық кезеңін қосып есептегенде) 180-310 күн аралығында.
Тұқымының өнуі Тұқымы өну үшін қажетті ең төменгі температура +1-2С, қолайлы өну температурасы +10-12С. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады.