Сынып ішінде қойылатын сұрақтарды екі үлкен санатқа бөлуге болады:
оқушылардың білімдерін анықтауға бағытталған сұрақтар (демонстрациялық сұрақтар)
оқушылардың ойлау қабілеттерін айқындауға бағытталған сұрақтар (түсініктемелік сұрақтар)
1.Оқушылардың білімдерін анықтауға бағытталған сұрақтар - қарастырған мәселеге қатысты оқушының негізгі білімдері мен түсініктерін анықтауға арналған. Бұл жағдайда оқушының жауабы мұғалімге алдын ала белгілі болып, оқушы осы сұраққа қатысты өзі алған білімін көрсете алады, яғни, бұл санатқа «жабық» сұрақтар жатады. «Жабық» сұрақтар «кім?», «не?», «қашан?», «неше?» деген сөздерден басталып, адамнан нақты, қысқа бір жауапберуді талап етеді .
Достарыңызбен бөлісу: |