2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін айқындауға бағытталған сұрақтар- оқушылардан жауап беру барысында өздерінің жеке пікірлері мен түсініктемелерін білдіруді талап етеді. Сондықтан бұл санатқа «ашық» сұрақтар жатады. «Ашық» сұраққа берілетін жауаптың саны белгісіз. Сонымен қатар бұл сұрақ жауап берушіден өз пікірі мен көзқарасын білдіргенін көздейді, адамнан түсініктеме беруді, ойлануды талап етеді. Бұл сұрақтар «неге», «қалай», «не үшін», «Сіз қалай ойлайсыз», «...туралы не ойлайсыз»?» т.б. сөздерден басталады.
4. 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз
1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен
3 балл – қанағаттанарлық
4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл - жақсы
7 балл - өте жақсы
8 балл - үздікке жақын
9 балл - үздік
10 балл - өте үздік
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.