Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. 1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
Əдебиеттер тізімі 1.Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. — Алматы, 2007. — 134-б.
2.Қараев Ж. Білім беру процесіндегі танымдық əрекеттің белсенділігі. — Алматы: Жазушы, 2005. — 176-б.
3.Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. — Алматы, 1999. — 78-б.
1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің мақсаты мен міндеті. 2. Бағалау жүйесі. 3. Сұрақтардың түрі. 4. Баға түрі, критериилер. 5. Кері байланыс