Оқушылардың білім мен білігін тексеру әдістері мен түрлері - Методикалық әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеруді дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктейді. Күнделікті тексеру- жеке сабақтарда, дүркінді тексеру- бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеру- тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырылады. Бұлардың әрқайсысы өткізу әдістері немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттік тапсырмаларға бөлінеді.