Инкубациялық кезеңі орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарып, 23 күнге ұзару мүмкін, продромсыз өтуі мүмкін. Продромалды кезеңнің ұзақтығы әркелкі, жиі 1-2 күн, симптомдары әр түрлі (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынның бұзылуы).
Шықшыт бездерінің қабынуы паротит.
Аурудың басы температурасының 38-39⁰С дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін екінші жағының ісінуімен сипатталады. Құлақ қалқаны жоғарғы және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді болады. Ісіну жұмсақ қамыр сияқты, терісі бозғылт болады.