Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады
Барлық тіндердегі метоболизм үрдісінің қалыпты гомеостазының тұрақты көрсеткішінің бірі - дене температурасы
Зат алмасу -2С (мұз температурасының қалыптасуы) +45С дейін (белоктардың денатурациясы болатын температура) аралығында жүре алады.
Өмір сүре алатын жоғарғы темрература - +45С, ал төменгі көрсеткіш - +24С
Изотермия – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы.
Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу түзуші және жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етеді.
Гомойотермия жоғары сатылы жануарларға тән - сыртқы орта температурасының өзгеруіне қарамастан ( дене ядросының температурасы -2С қа дейін ауытқиды) дене температурасын өздері реттей алады және оны тұрақты деңгейде ұстайды