ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Абай бұл қара сөзінде не туралы айтады?
Байды қадірлемеуіне не себеп?
Мырзаларды қадірлемеуіне не себеп?
Болыс пен биді қадірлемеуіне не себеп?
Мықтыны қадірлемеуіне не себеп?
Естіні қадірлемеуіне не себеп?
Ғаріп-қасар бишараны қадірлемеуіне не себеп?
Кімді сүйіп, кімнің тілеуін тіледі?
V Үйге тапсырма:
Абайдың жиырма екінші қара сөзі туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 30.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;
Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |