Мәз болады болысың
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?!
Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға,
Таңқаламын, қампайып
Жоқты-барды шатқанға.
ІV Үйге тапсырма:
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 07.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;
Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |