ІV Жаңа сабақты бекіту:
1. Мәтінмен жұмыс:
1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық- бірі, екінші – сараңдық,
Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге тірі кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын.
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,
Хақ Мұстафа аманатын берді маған.
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.
Құрма беріп, мейірлене назар салды,
Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.
Еркелете шақырып қасына алды,
Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.
Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,
Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай..
Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,
Жан берерде жанталасқа түстім, міне.
Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,
Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.
Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,
Сосын да мен қанат қағып ұштым, міне.
2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
Ахмет Иассауи кім? Өмірі туралы не білесіңдер?
Иассауидің ұстазы Арыстанбаб кесенесі қай жерде?
Иассауидің өмірлік мақсат – мұраты қандай?
Иассауи нені жырлады? Нені насихаттады?
Ақынның имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?
Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?
Кітаптың кейіпкерлері кімдер?
Баласағұнидің ойынша шын дос кім?
Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?
Абай өлеңдерімен салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |