Тексерілді: Күні



бет36/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

1889ж.

5. Абайдың неше поэмасы бар?

  1. 2

  2. 6

  3. 4

  4. 3

  5. 5

6. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі қай жылы жарық көрді?

  1. 1885ж

  2. 1890ж

  3. 1886ж

  4. 1892ж

  5. 1888ж

7. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

  1. 24

  2. 28

  3. 26

  4. 27

  5. 29

8. Абайдың табиғат лирикасына арналған неше өлеңі бар?

  1. 3

  2. 6

  3. 4

  4. 9

  5. 5

9. «Ызалы жүрек, долы қол,
Ұлы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жолы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл», — қай өлеңнен үзінді?

  1. Ызалы жүрек долы қол

  2. Құлақтан кіріп бойды алар

  3. Мұң мен зарды қолға алып

  4. Көзімнің қарасы

  5. Өлсем, орным, қара жер, сыз болмай ма?

10. Абайдың әні

  1. «Айттым сәлем Қаламқас»

  2. Қара сөздер

  3. «Жаз»

  4. «Әншілер»

  5. «Ғылым таппай мақтанба»

11. Абайдың қай өлеңінде 16 тармақ түгелдей «ж» әрпәнен басталады?

  1. «Оспанға»

  2. «Тоғжанға»

  3. «Әбдірахманға»

  4. Халқына

  5. «Әйгерімге»

12. Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды

  1. Пушкин

  2. Островский

  3. Лермонтов

  4. Белинский

  5. Толстой

13. Абайдың неше қара сөзі бар?

  1. 31

  2. 34

  3. 26

  4. 45

  5. 46

14. Абайдың шығыстың неше жұлдызымен танысты?

  1. 6

  2. 10

  3. 4

  4. 9

  5. 7

15. «Ескендір» поэмасы шығыс елдерінде қандай атпен қалған?

  1. «Ескендір»

  2. Александр Македонский

  3. «Екі мүйіз»

  4. Александр

  5. «Ескендір Зұлқарнайын»



ІІ нұсқа
1. Қай поэма аяқталмаған?

  1. «Ескендір»

  2. «Әзім әңгімесі»

  3. «Масғұт»

  4. Дұрысжауабы жоқ

  5. «Мың бір түн»

2. Қай поэмада Аристотель бар?

  1. «Ескендір»

  2. Ешқайсысында жоқ

  3. «Масғұт»

  4. Барлық жауап дұрыс

  5. «Әзім әңгімесі»

3. «Әзім әңгімесі» қай ертегіге ұқсас?

  1. Бай мен кедей

  2. Ақылды жігіт

  3. Мың бір түн

  4. Иесі мен ит

  5. Алтын балық

4. Абай қай жылы Крыловтың мысалдарын аударды?

  1. 1888ж

  2. 1891 ж

  3. 1865ж

  4. 1890ж

  5. 1894ж

5. Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жазған?

  1. Анасының

  2. Әжесінің

  3. Көкпайдың

  4. Ешкімнің

  5. Әкесінің

6. «Сегіз аяқ» өлеңі қашан шықты?

  1. 1887ж

  2. 1889ж

  3. 1886ж

  4. 1890ж

  5. 1884ж

7. Абай кімнің хаттарын аударды?

  1. Онегин мен Татьяна

  2. Крыловтың

  3. Пушкиннің

  4. Онегиннің

  5. Татьянаның

8. «Жазғытұрым» өлеңі қашан шықты?

  1. 1894ж

  2. 1892ж

  3. 1893ж

  4. 1890ж

  5. 1894ж 

9. «Қараша, желтоқсан, сол бір-екі ай» қашан шықты?

  1. 1888ж

  2. 1889ж

  3. 1897ж

  4. 1894ж

  5. 1864ж

10. Күзге арналған неше өлеңі бар?

  1. 3

  2. 1

  3. 4

  4. 5

  5. 2

11. Абайдың энциклопедиясы қашан шықты?

  1. 1995ж

  2. 1989ж

  3. 1996ж

  4. 1999ж

  5. 1997ж

12. 1886 жылы Абайдың қай өлеңі жарыққа шықты?

  1. «Ғылым таппай мақтанба»

  2. «Күз»

  3. «Ызалы жүрек, долы қол»

  4. «Жаз»

  5. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

13. «Интернатта оқып жүр» өлең қай жылы шықты?

  1. 1886ж

  2. 1885ж

  3. 1887ж

  4. 1884ж

  5. 1886ж

14. Абай «Бородино» өленін кімнен аударды?

  1. Крылов

  2. Пушкин

  3. Островский

  4. Лермонтов

  5. Толстой

15. Абай қай жылы ақындық жолға біржолата бет бұрды?

  1. 1881ж

  2. 1884ж

  3. 1880ж

  4. 1885ж

  5. 1882ж

ІІІ Сабақты бағалау: тест тапсырмалары тексеріліп бағаланады.


ІV Үйге тапсырма: Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест құрау.

Тексерілді:


Күні: 11.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест құрау.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Қор болды жаным» өлеңі
«Қор болды жаным» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 4 шумақтан тұрады, көлемі 24 жол. Абайдың ең мол қалам тартқан тақырыбы – адам сезімі, махаббат болса, бұл өлеңінде сүйген жарына қолын жеткізе алмаған, махаббат азабын тартып, жүдеген жанның кейпі сомдалады. «Сен мені не етесің?» өлеңімен мазмұндастық, ой сабақтастығы сезіледі. Абай лирикасына тән ішкі динамика, ой терендігі, сезім мөлдірлігі мүнда да айқын көрінеді. Оқырман лирикалық қаһарманның жүрегін жаралап, жігерін жасытқан ыстық сағынышқа шүбәсіз иланады. Оның кейіпкері ғашығының бірауыз сөзіне зар болып, қаншалықты қамықса да егілмейді, үмітін үзбейді. Абай өлеңдерінен аракідік кездесіп қалатын тағдырға мойын ұсынушылықтың, жақсы-жаман атаулыны тағдырдың ісі деп санаушылықтың да нышаны байқалады. Өлеңнің сыртқы пішінінде жаңалық бар. Оның шумақ, буын, ұйқас өрнектері қазақ өлеңінің дәстүрлі үлгілерімен үйлеспейді. Шумақтардың алғашқы 4 жолы шалыс (-а, -б, -а, -б) ұйқасады да, негізгі ойдың түйіні өзара ұйқасқан соңғы 2 тармақта беріледі. Әр тармақтағы буын сандары да әр қилы: тармақ бойынша алғанда ол 5/7, 5/7, 6/6 түрінде аралас буын болып келеді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Кейінгі басылымдарда осы нұсқа бойынша берілген. Оларда елеулі текстологиялық алшақтық кездеспейді. «Барса ғашық маңына» деген Мүрсейіт қолжазбасындағы шумақтың 4-жолы 1909 жылы жинақта «Ғашығымның жанына» болып берілген. Негізгі академиялық басылымдарда соңғы нұсқа басшылыққа алынған. Абай шығармаларының 1961 жылы шыққан бір томдығында 1-шумақтың 2-жолы «Сенсіз не менің күнім» деп берілген. 1939, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда негізгі нұсқалар бойынша «Сенсіз де менің күнім» түрінде жарияланған. Өлең өзбек, қырғыз, орыс, тәжік, түрікмен, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Әнді А.В.Затаевич 1930 жылы жазушы С.Мұқановтан Мәскеу қаласында жазып алып, нотаға түсірген. Әннің бұл үлгісі Осман Қашағановтан жазып алынған түріне ұқсас. А.В.Затаевич: «Музыка тұрғысынан қарағанда, осы ұсынылып отырған «Татьяна хаты» - өте сәтті, ойдағыдай шыққан қазақ авторының шығармасы», - деп, жоғары пікірін білдірген. Композитор Л.Хамиди жазып алған ән үлгісі А.Э.Бимбоэстің нотаға хаттаған түрімен өте ұқсас. 1939 жылы профессор Б.Г.Ерзаковичте белгілі әнші Қ.Лекеровтен осы әннің тағы да бір түрін жазып алған болатын. Әннің 3, 4 және 6-түрлері бір-бірімен өте ұқсас. Ал, 1, 2 және 5-түрлері әуендік болсын, екпіндік-ырғақтық жағынан әлгі жоғарыда аталған ән үлгілерінен өзгеше, алшақтау. Себебі, Қашағанов пен Мұқановтан және Лекеровтен жазып алынған әндер дәстүрлі қазақ әуен-саз арнасында айтылады. Әннің 1, 2-түрлері бірқалыпты 2/4 ырғақ-өлшем кестесімен ерекшеленетін болса, әннің қалған түрлері – аралас музыкалық өлшемдермен сипатталады. Композитор Ғ.Жұбанова ақынның бұл әнінің вариациясын жасады, С.И.Шабельский 4 бөлімді фортепионалық триосына бір бөлім етіп енгізді, А. А. Гурьев романс жазды.
Қор болды жаным
Қор болды жаным,
Сенсіз де менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,


Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,


Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым


Барса жардың маңына,
Ол – қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет