Тексерілді: Күні


ІV Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын. V Үйге тапсырма



бет33/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІV Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


V Үйге тапсырма:

  1. Өлеңдерді жатқа айту.

  2. Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.


Тексерілді:


Күні: 14.12.2014
Пәні: Абайтану (қолданбалы курс)
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Бойы бұлғаң» сатирасы
Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Өткен сабақты сұрау:

  1. «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдерін жатқа айту.

  2. Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.



ІІІ Жаңа сабақ:
«Бойы бұлғаң» сатирасы
«Бойы бұлғаң» - Абайдың 1893 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 8 шумақтан тұрады, барлығы 54 жол. Туынды – ақынның өз кезіндегі халқының жай-күйіне, замана ағымына жасаған барлау-шолуы, тозған елдің тоқыраған тағдырына деген ауыр күрсінісі, азған адамдарына деген көз жасына толы шағымы, ел үшін қорланған ақынның «аһ» ұрған үні, кеудесін қақ айырған қайғысы. Ел қамын ойлауды азаматтық борышым деп білген Абай өз заманындағы бар пәле, кесір-кесапат, былық-шылықты ашына әшкерелемей отыра алмаған. Қандыауыз қанаушыларға, елді емген езушілерге, «әзір астың атасы» арамтамақтарға, бірді-бірге тасқаяқтай соғыстырған сойқанды содырларға, момын мысықтай қалғып-мүлгіп отырып, елді сорған сұрқия «сопыларға», ардан безіп, жамандыққа жанын жалдаған жалақорларға жаудай тиген. «Ас ішіп, аяқ босатудан» басқаны білмейтін надандықты, аллаға қарап аузын ашып отыра беретін жалқаулықты, етпетінен түспей ештемені ескермейтін енжарлықты өлеңдерінде өткір тілмен түйреген. «Бойы бұлғаң» - ақынның уытты шығармаларының бірі, үскідей үшкір, өткір сатира, заман, тұрмыс күйіндегі зиянды дерттерді мұрнынан тізе әшкерелеген сатира. Оның жанры – сатиралық шолу. Мұнда ақын оқырман қауымды сөзінде пәтуа жоқ сұйық суайттармен де, «күнәсізбін», «кінәсізбін» деп безілдейтін «періштелермен» де, сыртта «үзеңгі бауы алты қабат болып» шіренетін, үйіне келсең, сусын тауып бере алмайтын бейшаралармен де, тілемсектік істеп, бермесең, безіп кететін безбүйректермен де, бірді-бірге айдап сап, ел арасына от тастап, антын, арын сатқан екіжүзділермен де таныстырады. Мұнан әрі Абай ел ішінің бұзылғанын, ұрлық дендеп, өтірік гулеп кеткенін, сыпыра қу әулекілердің әні салынып, сөзі жүріп тұрғанын, әділдік айтар, бірлік іздер, жөнге сілтер, сыйласуға тұрар адам қалмағанын, бәрінің пәле қуып, батырсынып, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» боп кеткенін әйгілейді. Осының бәрін ақын сатиралық қуатпен айтады. «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тілмен» сынап-мінейді. Ашынған сөздерді айналасынан түңіліп, болашағына үңіліп отырып, зармен, мұңмен жырлайды. Абай жүрегін жаралаған осындай дерттер ақынның кеудесіне жаңа бір идея дәнін тастаған. Сол дән өсіп-өніп, пісіп-жетіле келе оны айтпауға ақын жанын қоймаған. Соңдағы ой-пікірді сыртқа шығаратын шығарма тудыруға мәжбүр еткен, ақын сезімін баурап, оны шабытқа мінгізген. Осындай ынта-зар, құлшыныстың үстінде «Бойы бұлғаң» дүниеге келген. Келгенде ерекше өрнек-айшықпен, келісті пішім-бітіммен келген. Қазақтың соны тынысты жаңа әдебиетіне Абай әкелген жаңалықтардың бірі – осы туынды. Туынды 4,7 буыннан түзіліп, маржандай төгіліп, мөлдір бұлақтай сылдыр қағады. Ұйқасы -а, -а, -б, -в, -в, -б. Алғаш рет 1909 ж. Санк-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
Өлең текстіне 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде бірер түзету енгізілген. 7-шумақтың 3-жолындағы «іздеу» сөзі «тыныштық іздер елде жоқ» деп өзгертілген. 8-шумақтың «Аз тұтуға» деген бірінші жолы «Әз тұтуға» делініп ұғымы айқындалған. Туынды ағылшын, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдеріне аударылған. Абай «Бойы бұлғаң» өлеңіне ән шығарған. 1935 жылы Ә.Ысқақовтың айтуы бойынша Л.Хамиди осы әннің бір үлгісін нотаға түсірген. Бұл әннің тағы бір түрін Б.Ерзакович 1948 ж. Қ.Лекеровтен, бөлек бір үлгісін Қ.Жүзбасов 1984 ж. Абайдың немересі Мәкен Мұқамеджанованың орындауында нотаға түсіріп алған. Мұның үшеуі де «Айттым сәлем, қалам қас» атты Абай әндері жинағына (1986) енген. «Бойы бұлғаң» әні мелодиялы-речитативті әуен арнасында құралған, дәстүрлі қара елеңмен айтылатын сарындармен тектес, тұрмыс-салт жанрындағы әндердің екпін-ырғақтарымен үңдес. Әннің 1 және 2-түрлері – ауыспалы минорлы-мажорлы ладта айтылса, М. Мұқамеджанованың жеткізген түрі – бір атаулы тектес минор-мажорлы ладта қалыптасқан. Әннің өлшемдері де әр түрлі: 2/4, 2/4, 4/4 - 1 түрі; 3/4, 3/4, 5/4, 2/4, 7/4 - 2 түрі, ал 3 түрі – біркелкі 6/8 ырғақ-өлшеммен орындалады. Әнді композитор А. Жұбанов «Абай» симфониялық поэмасына пайдаланған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет