Тексерілді: Күні



бет31/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІІ Өткен сабақты сұрау:

  1. «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.



ІІІ Жаңа сабақ:
«Көзінен басқа ойы жоқ»
«Көзінен басқа ойы жоқ» - Абайдың1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Сыншылдық сипатта, сықақтық леппен кестеленген. Абайдың мешеу, мәңгүрт болып қалмаса екен деп, ел-жұртын үнемі енерге, оқуға үндегені, ағартушы болғаны, өнерсіздікпен, білімсіздікпен еш ымыраға келмегені белгілі.
Бұл өлеңінде де ақын надандықты, ойсыздықты мансұқ еткен. Оның айтуынша, маңдайдағы көздің ғана болуы жеткіліксіз, адамның жүрек көзі, зерде көзі болуы керек. Ақыл, парасат көзінің болмауы – надандық. Ой көзі, көңіл көзі болса ғана, адамға шындық сәулесі түседі, сол арқылы адам іштегі кірін тазартса ғана, оның кеудесі нұр сандыққа, сыр сандыққа айналады.
Абай өз тұсындағы кейбіреулердің ой-сезімінен мақрұм қалып, тек екі көзіне мәз боп, әлдеқандайсып жүруіне таңырқайды. Қараңғылық пердесі надандардың көңілін басып тұр, ақылдан адыра қалған олардың есіл-дерті – тек қу тірлік деп күйінеді. Тағы айтатын бір жай – сол тұстары жұрт қатардағы қарапайым адамдарды ғана қараңғы, надан деп біліп, дін иелерін надан деп айтуға ауыздары бармайтын. Оларды оқыған, тоқыған, көп білетін ғұлама деп түсінетін. Сондай қалыптасқан ұғымды Абай қорықпастан «дағарадай сәлдесі» бар молдалардың өзін надан, «кітапты теріс оқиды», «малқұмар көңілдері бек соқыр» деп жоққа шығарады. Мұның үстіне олардың жебірлігін жыртқыш «бүркіттен кем емес» деп әшкерелеген. Ақын өлеңінің түйіні – болмысты айқын көрер жүрек айнасы болмаса, басқаның бәрі бос сөз.
Өлең негізінен 8 буыннан тұрады, кей жолдары ғана 7, 9 буын ұйқасы -а, -б, -а, -б. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Текстологиялық көп өзгеріске ұшырамаған. Тек 1909,1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында 1-шумақтың 1-жолы «Көзінен басқа ойы жоқ», ал Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында «Өзінен басқа ойы жоқ» деп жазылған.1909,1957 жылғы жинақтарда 5-шумақтың 2-жолы «Дағардай боп сәлдесі»болса, Мүрсейіт қолжазбалары мен 1933 жылғы басылымда «Дағарадай боп сәлдесі»делінген. Ақынның кейінгі басылымдарына өлеңнің түпнұсқасы ретінде 1909 жылғы жинақ басшылыққа алынған.
Өлең өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет