Тексерілді: Күні


«Білектей арқасында өрген бұрым...»



бет40/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

«Білектей арқасында өрген бұрым...» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады, барлығы 16 жол. Сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды. Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, ез талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бураң бел. Осындай керікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей. Ақын сыртқы белгілерден әрі асып, қыздың мінез-құлқына, жан дүниесіне үңілмейді. Сұлу қыздың суретін салумен ғана тынады. Өлеңнің алғашқы шумағы аралас ұйқаспен келеді де, қалған шумақтары дәстүрлі қара өлең ұйқасымен жазылған. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарыңда аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы басылымыңда 1-шумақтың 3-жолы «Кәмшат берік ақ тамақ қара суы», 1933, 1939 жылғы басылымдарында «Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара шашты» болып берілген. Ал кейінгі басылымдарында бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты» түрінде алынған. 1954 жылғы жинақта 2-шумақтың 1-жолы «Аласыз қара көзі айнадайын» деп жазылса, 1939, 1957, 1977 жылғы жинақтарда «Аласы аз қара көзі айнадайын» ретінде 1909 жылғы басылымға сәйкес түзетілген. Сондай-ақ 1933, 1939 жылғы басылымдарда 2-шумақтың 2-жолы «Жүзіңе ыстық тиіп салған сайын» делінсе, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бүл тармақ «Жүрекке ыстық тиіп салған сайын» болып Мүрсейіт қолжазбаларына, 1909 жылғы басылымға орай өзгертілген. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет