ІV Сабақты бекіту:
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде не туралы айтылған?
Қырық үшінші қара сөзінде не туралы айтылған?
Отыз сегізінші қара сөзіндегі бірінші сипат не?
Қырық үшінші қара сөзіндегі жан қуаты деген не?
V Үйге тапсырма:
Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі туралы түсінік.
Қара сөздерді талдау.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Күні: 18.03.2015
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |