Аутотрофтылар – ауадағы көміртегіні барлық керек қосылыстардан алып сіңіреді.
Гетеротрофтылар – дайын түрде органикалық қосылыстарды сіңіреді
Гетеротрофтылардың ішінде ажыратады: сапрофиттерді (метатрофтылар)
паразиттерді (паратрофтылар)
Сапрофиттер өлі организмдердің органикалық қалдықтарын бөлшектеп өңдеуге қатысады да сыртқы ортада мекендейді. Паразиттер тек тірі организмнің ақуызын қажет етеді.
Гипотрофтылар -иесінің метоболиттері мен жасушалық құрылым қайта құрылуы арқылы өзінің тіршілігін қамтамасыз етеді.