Ферменттер – ақуыз табиғатты жоғарғы белсенділігі бар биологиялық заттар, катализаторлар. Кез келген микробтың ферменттік құрамы тұрақты және оның геномымен белгіленеді. Ферменттердің биохимиялық жікт
Ферменттер – ақуыз табиғатты жоғарғы белсенділігі бар биологиялық заттар, катализаторлар. Кез келген микробтың ферменттік құрамы тұрақты және оның геномымен белгіленеді. Ферменттердің биохимиялық жіктелуі:
Трансферразалар – атомдық топтардың тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Гидролазалар –әр түрлі қосылыстардың гидролитикалық бөлінуін қамтамасыз етеді.
Лиазалар –химиялық топтың субстратын гидролитикалық емес жолмен бөліп, қос байланыс түзетін немесе қос байланысқа химиялық топ қосатын реакцияларды катализдейді.
Лигазалар немесе синтетазалар – АТФ молекуласында фосфаттық байланыстың үзілуімен немесе сол сияқты трифосфаттағы процестерге байланысты 2 молекуласының қосылуын қамтамасыздайды.
Изомеразалар – элементтер тобының кеңістікте орналасуын анықтайды.