Бактерияның өсуі деп – жасушаның барлық компоненттері мен құрылымдарының бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюынан, жасуша массасының үлкеюіне әкелуін айтады
Бактерияның өсуі деп – жасушаның барлық компоненттері мен құрылымдарының бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюынан, жасуша массасының үлкеюіне әкелуін айтады.
Жасушаның өсуі шексіз емес. Ең үлкен
өсу деңгейіне жеткен кезде жасуша
бөлінеді(көбейеді) .
Бактериялардың көбеюі – көлденең (бинарлы) бөліну арқылы екі бірдей құрылым пайда болып,популяцияда жасуша санының көбеюіне әкеледі.
Бактериялардың көбею фазалары
Әуелгі (1-2 сағ)-бактериялардың клеткаларының саны өзгермейді, аз ғана өседі
Көбеюдің кідіруі (лаг-фаза) - физиологиялық бейімделу кезеңі,жаңа ферменттер индукциясын,рибосоманың жиыны мен синтезін қосады.Бастапқы интенсивті жасушаның өсуі,бірақ бөліну жылдамдығы жоғары емес.
Экспоненциалдық фаза (лаг-фаза немесе логарифмдік) – жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен бөлінуімен сипатталады. Бұл жылдамдық бактерия мен жылдамдық түріне байланысты болады. Бактериялардың арту уақыты генерациялану уақыты деп аталады, бұл уақыт бактерия түріне байланысты әртүрлі болады.Мыс: псевдоманад-14 мин, туберкулез таяқшасы-24 сағ.
Өсу жылдамдығының азаюы (2 сағ) – бактериальді жасушалардың активтілігінің төмендеуі және генерация кезеңінің ұзаруы ортада қоректік заттардың азғыруынан болады,онда метаболизм өнімдерінің көбеюі және дақылдың ескіруі болады.
Тұрақты (стационарлы) (2 сағ) –тыныштық кезеңінде пайда болған және өлген жасушалардың саны арасындағы тепе-теңдік болады.Спора түзетін бактериялар (бациллалар,клостридиялар) споруляция кезеңіне өте алады.
Өлімнің жылдамдауы (бірнеше сағаттан, бірнеше аптаға дейін)