Қазақстандағы ШОК субъектілері бүкіл шаруашылық жүргізуші субъектілердің 90% астамын құрса да, Қазақстан ІЖӨ-ге салым салу мен халықтың жұмыспен қамтылуы сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалатынын көрсетті. Осылайша, ШОК субъектілері жыл сайын шығаратын өнім көлемінің үлесі Еуропа, Азия және Солтүстік Американың бірқатар елдерінде ІЖӨ 47% бастап (Польша) 59% дейін (Түркия) құрайды.
Сурет 2. Әлем елдеріндегі шағын және орта бизнестің салалық құрылымы
Қазақстанның ШОК секторы салалық құрылымы бойынша да басқа елдермен салыстырғанда өзгешеленеді. Қазақстанның ШОК субъектілерінің 40% жуығы көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді, ШОК 25% астам субъектілері ауыл шаруашылығында шоғырланған. АҚШ-та болса, шағын бизнес құрылымы өзгеше. мұнда қызмет көрсету саласының басым екені көрінеді (58%), ШБ 20% астам субъектісі құрылыс пен сауда саласында жұмыс істейді. Еуропа елдерінде де ШОК субъектілерінің басым көпшілігі қызмет көрсету саласында: Ұлыбританияда – 23%, Польшада – 35%, Түркияда 37%. Ұлыбританияда ШОК секторы көбірек әртараптандырылған: ШОК субъектілерінің 21% құрылыс саласында, 12% – сауда саласында, 7% – өнеркәсіпте, 27% – жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар мен қаржы қызметін қамтитын басқа салаларда жұмыс істейді.
Бақылау сұрақтары:
ҚР шағын және орта бизнестің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы жөнінде не білесіз?
Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті реттейтін қандай негізгі заңдар бар?
Шағын және орта бизнесті қолдаудың шетелдермен салыстырғандағы ерекшеліктері қандай?
КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ("Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы