Тема основные Организационно-правовые формы предпринимательства



бет2/6
Дата26.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#175458
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 дәріс. Бизнесті ұйымдастыру(1)
2020 4-тоқсан анықтама, ойлау, 8-сабақ. Көлбай Дана, НШТ СРС 7, Benzetim-Teknigi-Simulasyon-Nedir
Әйелдер кәсіпкерлігі – бұл гендерлік анықтамадан асып кеткен және әлеуметтендірілген Бизнестің мағынасын білдіретін ұғым, яғни кәсіпкер әйелдің өзінің экономикалық қызметінде қоғамның мүдделері мен оның даму қажеттіліктерін ескеруге саналы дайындығы.
Жастар кәсіпкерлігімен 16-29 жас аралығындағы жастар айналысады.
Креативті кәсіпкерлік (Creative Entrepreneurship) — бизнестегі салыстырмалы түрде жаңа ұғым. Креативті кәсіпкерлік бизнеске инновациялық тәсілдерді табуға көмектеседі
  • Ұйымдық-құқықтық нысан деп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлікті бекіту және пайдалану тәсілі және осыдан туындайтын оның құқықтық жағдайы мен кәсіпкерлік қызметтің мақсаттары түсініледі.
  • Кәсіпорынның дұрыс таңдалған ұйымдық-құқықтық нысаны құрылтайшыларға бизнесті дамыту және қорғау жоспарларын жүзеге асыру үшін қосымша құралдар бере алады.
  • Кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін негізгі құжат Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ кодексі) болып табылады

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНАТТАРЫ

  • Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.
  • Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі.
  • Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
  • Қызметкерлердің орташа жылдық санына және орташа жылдық табысына қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатады:

Кәсіпкерлік субъектілері

Қызметкерлердің орташа жылдық саны

Орташа жылдық табыс

микрокәсіпкерлік субъектілері

15 адамнан көп емес

30 000 АЕК-тен жоғары емес - 2019 жылы 75 750 000 теңге

шағын кәсіпкерлік субъектілері

100 адамнан көп емес

300 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) артық емес - 2019 жылы 757 500 000 теңге

ірі кәсіпкерлік субъектілері

250 адамнан астам

3 000 000 АЕК жоғары -(2019 жылы 7 575 000 000 теңге

Кәсіпкерлікпен айналысатын, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады
  • Микро және шағын бизнестің айналысуға тыйым салынған қызмет түрлері:
  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;
  • акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
  • астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
  • лотереялар өткізуді;
  • ойын бизнесі саласындағы қызметті;
  • радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
  • банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызметті;
  • бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
  • кредиттік бюролар қызметін;
  • күзет қызметін;
  • азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет