Ресей ғалымы В. В. Ковалев «...бухгалтерлік есептің концептуалды негізі ретінде қабылданған есеп жүйесінің мазмұны мен қағидаларын, логикасын анықтайтын теориялық құрастырғыштар жиынтығын түсіну қажет» деп атап көрсетеді. Жалпылама түрде алғанда концептуалды негіздерді өзара байланысты және біртіндеп ашылатын жеті элементтен тұратын модель деп қарауға болады:
Есеп ақпаратын пайдаланушылардың қызығушылығы;
Бухгалтерлік есептіліктің мақсаты;
Есеп жүйесіндегі мәліметтердің сипаттамалары;
Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары (постулаттары);
Бухгалтерлік есеп қағидалары;
Бухгалтерлік есептің негізгі түсініктері мен категориялары;
Бухгалтерлік есеп техникасы және технологиясы.
Концептуалды негіздердің қарастыратын сұрақтары:
Концептуалды негіздердің қарастыратын сұрақтары:
қаржылық есептілік мақсаты;
қаржылық есептілікті құрастыру қағидалары мен қаржылық есептіліктегі ақпараттың қажеттілігін анықтайтын негізгі сапалық сипаттамалар;
қаржылық есептілікті құрайтын элементтердің анықтамалары, оларды тану және бағалау;
капитал түсінігі және капиталды ұстау.
Қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсыну жылына бір реттен кем болмауы керек және кең көлемдегі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыруға тиісті.
2. Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары
2. Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары
Англо-американдық бухгалтерлік есеп мектебі келесі бес постулатты ерекше бөліп көрсетеді:
мүліктік және құқықтық жекешелену;
қызметтің үздіксіздігі;
есепті кезең;
нарықтық айырбас операциялары;
монетарлық бағалануы.
Бұл постулаттар экономикалық шындық жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін құрастыруды анықтайды және есептің экономиканың тұрақты қызмет атқаруының маңызды факторы болатындығын түсіндіреді.