Тема. Учет амортизации и обесценения основных средств


). Нарықтық айырбас операциялары



бет4/8
Дата22.09.2022
өлшемі0,88 Mb.
#150351
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 тақырып

4). Нарықтық айырбас операциялары. Бұл постулат есеп мәліметтерінің пайда болу көздерін анықтайды және екі жақты болады. Біріншіден, нарықтық экономиканың басымдылығы сипатталады, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтердің басым бөлігін өндіруш ілер өздерітұтынбайды, олар мүдделі тұтынушылар арасында көбінесе айырбас арқылы бөлініп таратылады. Екіншіден, айырбас операцияларының басты элементі баға болып табылады, бұл операциялар нақты орын алған немесе келісімнің шарттарына сәйкес орын алуы мүмкін болады, есеп мәліметтері белгілі-бір бағаға негізделуі қажет. Осы айырбас операциялары бойынша есеп мәліметтері пайда болады да есеп жүйесінде көбейтіліп отырады.

5). Монетарлы бағалануы. Бартерлік емес экономикада ақша жалпы айырбас баламасының рөлін атқарады, олардың көмегімен шаруашылық субъектісінің операциялары бағаланады. Бухгалтерия әртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ осы постулат жүйеге тек құндық өлшемдегі операциялардың кіргізілетінін куәландырады. Мысалы, ақша қаражаттары терминдері арқылы қызметкердің біліктілігін, ақпарат ағымының тиімді ұйымдастырылуын, агенттің сенімділігі мен мұқияттылығын шынайы бағалауға болмайды. Мұндай факторлар бизнес үшін өте маңызды болуы мүмкін, бірақ олар бухгалтерлік тілде «баланстан тыс қалады».

3. Бухгалтерлік есеп қағидалары мен есеп саясаты

3. Бухгалтерлік есеп қағидалары мен есеп саясаты

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» ҚР заңның 5-1 бабында бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей қағидалары анықталған:

1. Есептеу әдісі бойынша есеп жүргізу

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық есептілік есептеу қағидасына сәйкес құрастырылады. Осы әдіс бойынша операциялар мен басқа да жағдайлардың нәтижелері олардың орындалуына қарай танылады (ақша қаражаттары алынғанда немесе келіп түскенде емес). Олар есеп жазбаларында және қаржылық есептілікте өздеріне қатысты есепті кезеңдерде көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет