ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңына сәйкес есеп саясаты– ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірибесі болып табылады.

Шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің баламалы (альтернативті) әдістерін ұсынатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) есеп саясатын құрастырудың базасы болады.
Есеп саясатын құрастыру ұйым қызметінің шарттарына негізделген, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың негізі ретінде әдістердің бірін таңдап алуды білдіреді.

Осылайша, есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым қабылдаған әдістер жиынтығы.
Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына (есептеу және үздіксіздік), сонымен қатар сапалық сипаттамаларына (түсініктілік, орындылық, сенімділік пен салыстырмалылық) сәйкес бір жылдан артық мерзімге құрастырылады.